Тəңір барлығынан хабардар

Тəңір барлығынан хабардар

Алланың сендерге берген нығметін жəне «Естідік, бой ұсындық» деп байлаған серттеріңді еске алыңдар! Əрі Алладан қорқыңдар!

Күдіксіз, Алла көкіректегілерді толық білуші.

   (Мəидə сүресі, 7)

Ол көктер мен жерде болған нəрселерді біледі. Сондай- ақ жасырғандарыңды да, əшкерелегендеріңді де біледі. Əрі көкіректегілерді толық біледі.

(Тағабун сүресі, 4)

Пайғамбарға жалғастыру ғана міндет. Алла  көрнеу істегендеріңді де, жасырғандарыңды да біледі.

(Мəидə сүресі, 99)

Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, əшкерелерімізді білесің.

Жердегі, көктегі нəрселер Аллаға жасырын емес.

(Ибраһим сүресі, 38)

Күдіксіз, Алла сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі.      

(Əнбия сүресі, 110)

(«Алиф, лəм, ра». Ұғымын Алла біледі). Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонан соң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген.

(Һуд сүресі, 1)

Естеріңде болсын. Олар Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрінеу, көмес істеген нəрселерін біледі. Расында, Ол көкіректегілерді толық білуші.

(Һуд сүресі, 5)

Сөзіңді мейлі əшкере сөйле. Расында, Ол сырды да, құпияны да біледі.

(Taha сүресі, 7)

(Мұхаммед ғ.с.) көрмедің бе? Шəксіз, Алла көктер мен жердегі нəрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, əлбетте бестің алтыншысы – Алла. Тағы бұлардан аз я көп, тіпті қайда болса да, əрине, Ол олармен бірге болады. Сонан кейін Қиямет күні оларға не істегендерін білдіреді. Шүбəсіз, Алла əр нəрсені толық білуші. (Риуаят бойынша, яһудилер мен мұнафықтар сыбырласып, қас қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да, өршелене түсіп, тіпті сəлемнің  өзін  бұрмалаған).

(Мужəдəлə сүресі, 7)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *