ОПЕРАЦИЯ (психологияда) (лат, оре- rаtіо – іс-әрекет) – 1) субъекттің объ- ективті дүниені танып білу үшін істейтін іс-әрекеті. Адам әрекеттерінің сыртқы көрінісі арқылы сол адамның ішкі көңіл күйі, психикалық жағдайы жайында баға беруге болады. XIX ға- сырдың 40-жылдарында американ психологі Э.Торндайк (1874-1949) салған операционизм немесе бихеви- оризм деген бағыттар пайда болды. Бұл ілім бойынша адамның бүкіл пси- хикасы мінез-құлық реакциясына ке- ліп тіреледі, бұл бағыттардың басты кемшілігі – адам психикасын жан- жақты зерттеуге мүмкіншілік бермей- ді. Женева психологтарының басты өкілі Ж.Пиаже ой үрдістеріндегі О. белгілі бағытталған әрекетін көрсете- ді дейді. Негізгі ойлау операциялары салыстыру, анализ, синтез, абстракция және тұжырымдаудан тұрады. Осын- дай операциялар арқылы адамда жа- ңадан пікір, дүниедегі заттар мен құ- былыстар жайында ұғым туады. Кез келген психикалық үрдістерді зерт- теуде операцияның рөлі зор;
- белгілі бір міндеттерді орындау ба-
ғытындағы аяқталған әрекет;
- мекеме, кәсіпорын, т.б. міндеті мен қызметіне байланысты қайталанбалы әрекеттер. Кейбірде операция – амал деген мағынаны білдіреді. О.Ж.Пиа- же теориясында – адамның қайтым- ды қасиеттері бар тәжірибелік неме- се ақыл-ойлық әрекеті, яғни бұл әре- кеттерді тікелей немесе қайтымды түрде, бастапқы жағдайға оралу не- месе алынған нәтижелерді қайталап орындауға болады. О.– әрекеттің құ- рылымдық бірлігі. Күрделі іс-әрекет- те жеке әрекеттер операция рөлін ат- қарады. Іс-әрекет мақсаты оның жал- пы бағытын анықтайды. Іс-әрекеттің нақты жағдайлары жеке әрекеттерді жүзеге асырудың тәсілдерін, әрекет амалдары мен құралдарына таңдау- ды, яғни осылайша операциялардың сипаты мен бірізділігін анықтайды.