НЕОФРЕЙДИЗМ – адамды, қоғам- дық институттар құрылымындағы оның орны мен рөлін зерттеуде пси- хоаналитикалық қағидаларға негіз- делген философиялық бағыт. Н. өзі- нің тұйықталушылығы мен келешек- сіздігі байқалған фрейдизмнің кей- бір жағдайларын қайта қарау нәти- жесінде 30 жылдары пайда болды. Неофрейдистер (К.Хорни, Г.Салливэн, Фромм) классикалық психикалық талдаудың қақтығыс ситуацияларын тудыратын, санадан тыс болатын ме- ханизмдер мен психика құрылымын ұғындырудың, жүйке ауруының жы- ныс қозушылықтан пайда болуы жә- не өлім инстинкті туралы болжам- дардың бірқатар тұжырымдары мен қорытындыларын сынға алды. Де- генмен, әрбір жанға о баста тән адам қызметінің иррационалдық себебі мен қоса психикалық талдаудың ма- ңызды схемалары және қоғамдық құрылымды зерттеудің психоанали- тикалық әдісі өзінің маңыздылығын Н.- де сақтай алады. Жеке адамның ішкі тіл қақтығыстарының туында- уына елеулі түрде әсер ететін әлеуметтік және мәдени процестерге мән бере отырып, Н. өкілдері адамның ішкі әлемі көкжиегін кеңейткен са- надан тыс әрекеттердің фрейдтік тұжырымдарына сүйенеді. Класси- калық психикалық талдау адамның өмір сүруі және оның қалай өмір сү- ру керектігі және не істеуге тиістігі туралы мәселелерге кең жауап бере алған жоқ.
Неофрейдистер осы олқылықты тол- тырғысы келеді. Олар адам өзінің да- ралығын жоғалтатын, сыртқы дүние- ден және өзінен жатқа айналатын, адамдық өлшемдерден арылатын, же- ке адамның азғындауының және қо- ғамдық мүдде мен жеке мүдде ара- сындағы қайшылықтардың себеп- терін аша алмайтын қазіргі батыс қо- ғамына сын көзбен қарайды. Адам- ның жаттануының әртүрлі формала- рын жою үміті жеке адамның сана- сында сыни элементтерді тудыруға жә- не өмірлік қасиеттер мен мұраттарды қалыптастыруға жағдай жасайтын «гу- манистік психикалық талдауға» жүк- теледі. Дегенмен, жеке адамды са- уықтыру арқылы қоғамды сауық- тырудың психикалық аналитикалық рәсімі утопия болып қалмақ, ал оған негізделген дерексіз – гуманистік жол – келешексіз буржуазиялық қоғамдағы жеке адамның ұсақталуының дағда- рысын жоюға қабілетсіз.