НЕОБИХЕВИОРИЗМ

НЕОБИХЕВИОРИЗМ  –  XXғасырдың 30-жылдарында американ психологиясында пайда болған бағыт. Бихевиоризм психологиясының пәні ағзаның сыртқы орта стимулдарына объективті түрде бақыланатын  реакциялары болып табылады дейтін бас- ты алғышартын ұстанған необихе- виоризм оны стимулдардың әсерімен жауап, бұлшық ет қозғалыстары ара- сындағы аралық буын қызметін ат- қаратын факторлар ретіндегі «аралық айнымалылар» туралы ұғыммен то- лықтырды. Необихевиоризм мінез- құлықтың тұтастығы мен мақсатқа үй- лесімдігін, оның қоршаған әлем тура- лы ақпаратпен реттелетіндігін және ағзаның қажетсінулеріне тәуелдігін түсіндіре алмаған «классикалық» би- хевиоризмнің дағдарысын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *