НАҚТЫЛАУ – ойлау тәсілдерінің бір түрі, абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жалпы білімді нақты жеке жағдайда қолдану оны қайтадан талдап, оның жалпы ережелері мен қағидаларын жеке-дара ұғымға сай келетін белгілерін айрықша көрсетуден көрінеді. Мәселен, «ұғым» ойлаудың жалпы түрі болса, жеке нақты тұлға оның нақтылау түрі болады.