МҰҢАЮ – адамның бұрын басы- нан кешірген қолайсыз оқиғалары мен жүзеге аспаған сәтсіз істері жа- йындағы дәрменсіз ойы, құрғақ қия- лы. Мұндай жағдай адамның тыны- шын алады, ойын бөліп, қиялын сан-саққа жүгіртуі мүмкін. Бұл кө- бінесе ерік-жігері нашар, білімі мен тәжірибесі таяз адамдарда жиі кез- десетін психикалық күйдің енжар түрі. Орыстың ұлы жазушысы Н.В. Гоголь өзінің «Өлі жандар» рома- нында Маниловтың образы арқы- лы осы жағдайды тамаша көрсеткен.