МІНЕЗ

МІНЕЗ – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әреке- тінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиет- тің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қо- сындысы, сонымен қатар жеке адам- ды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағыты- ның өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мі- нездің моральдық жағынан тәр- биелілігі, бірқалыптылығы, толық- тылығы, күші мен айқындығы, сал- мақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысы- нан да, оның айналасымен байла- нысы тұрғысынан да сипаттап оты- рады. Ізгілік, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындау- дағы жауапкершілік пен адалдық мінездің осы сапасының негізгі ком- поненттері. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талға- мы мен ой-өрісі кең адамдарды то- лық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі – оның бірқалыпты- лығы. Мұндай адам құйындай ұйт- қып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі де бірқалыпты келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екін- шісі ешқашан ажырамайтын қасиет- тері. Мінездің тұрақтылығы адам- ның саяси-моральдық ұғым, түсінік- терінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағына- сын, әрекетінің мазмұнын белгілей- тін мінез сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, прин- ципі, ұстанымы болады, ол қауіп- қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шын- шылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. «Бойда қай- рат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпа- ған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ға- на онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі са- палары қиысып келетін үлкен мінез- ді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ түр- лі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның міне- зі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде ба- тыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиет- тердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабі- лет, темпераментімен тығыз байла- нысты. Ол әсіресе тілмен тығыз бай- ланысты. «Адамның мінезінің өзі тіл арқылы болатын сезімдік қабыл- дау тудыратын әрекетке сай анық- талады» деп жазады Ливия халқы- ның көсемі Муаммар Каддафи. Адам- да қабілеттіліктің дамуы кейбір тиіс- ті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақыт- ша сәтсіздікке мойымау, еңбексүй- гіштік, энтузиазм сияқты мінез бі- тістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал тем- перамент болса, мінез бітістеріне өзін- дік бояу, реңк береді. Жақсы мінез- дің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады.

И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума тип- тері мен өмір сүру барысында қа- лыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол бы- лай деп жазды: «…адамның мінез- құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана бай- ланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасын- да айтқанда, үнемі тәрбиелеу не- месе үйрету жұмыстарына да бай- ланысты болады».

Адам мінезінің қалыптасуы қоғам- дық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйым- дар т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өз- гермейтін тума қасиет емес, ол өмір- де қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жал- қау, тәртіпті, не ұстамсыз болып ту- майды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы – белсенді қарым- қатынас. Сондықтан да оны қорша- ған ортасы ғана өзгертпей, өзі де ша- ма-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақты- лы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуына шешуші рөл атқарып отырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *