МІНЕЗ ТЕОРИЯЛАРЫ

МІНЕЗ  ТЕОРИЯЛАРЫ.  Мінез туралы ілім – характерологияның өзін- дік даму тарихы бар. Характероло- гияның негізгі мәселелері ғасырлар бойы мінез типтерін сараптай және әртүрлі  жағдайларда,  адам мінез-құлқын жобалау мақсатында зерттеу обьектісіне айналады. Мінез жеке тұлғаның өмірге келгеннен кейін қа- лыптасатын құбылыс болғандықтан, қазіргі көптеген қолданылып жүрген оның жіктелісі жеке тұлғаның да- муының сыртқы факторларының не- гіздерінен бастау алады.

Шет ел ғалымдарының мінез типте- рін жіктеудің негізіне жатқызған бо- йы өлшемдері бар екені қақ.

Типологияның негізіне биотиптерді жатқызған мінез жіктелулерін био- логиялық деп атауға болады. Бұл, мінез типтері мен биологиялық фак- торлардың толықтай байланысты- лығын дәлелдейді. Мінездің мінін биологиялық категория ретінде қа- растыру, мінез типтерін түсінуде белгілі дәрежеде тәрбиенің маңызды рөлін жоққа шығару дұрыс болмас еді.

Кейбір шет ел ғалымдарының көз- қарастарында адамның дене құры- лымының типтерін немесе дене біті- мін мінез типтерімен тікелей байла- нысты қарастыру да кездеседі. Бұл жайт, АҚШ-та және батыс елдерінде кеңінен тараған Кречмердің «Дене құрылысы және мінез» атты еңбегін- де баяндалған.

Дене бітімі деп Кречмер адамның, туа біткен дене құрылымының өз- гермейтін ерекшеліктерін түсінді. Адамның бет-пішіні, және ішкі сек- реция бездерінің жағдайларын су- реттеуді пайдалана отырып, ол дене бітімінің мынадай төрт типін атап көрсетті: астеникалық, атлетикалық, пикникалық және диспластикалық.

Кречмердің ұсынған типологиясы жеткілікті түрде экспериментальдік тұрғыдан дәделденбеді. Осылай ғалымның типологиясына жақын көз- қарасты АҚШ-та Шелдон ұсынған болатын. Оның негізіне де дене бітімінің типтерін ажырату жатады: олар эндоморфикалық (Кречмердің пикникалық типіне ұқсас), мезо- морфикалық (атлетикалық сияқты), эктоморфикалық (астеникалыққа ұқ- сас). Осы 3 типтің негізінде Шел- дон темпераменттің 3 типін көрсет- ті. Мінез типтерін жоғары жүйке қызметінің типтерін жіктеуден бөліп қарау дұрыс болмас еді. Осындай көзқарастар мен теорияларда биоло- гизаторлық бағыт шешуші орын ал- ды да адамның мінезінің типтері дұрыс бағаланбады.

Бұл теорияларды сынау мінез типо- логиясын түсіну ғылыми-жараты- лыстық негізін анықтау, талпыныста- рын жоққа шығармай, мінез типте- рін қалыптастыру шарттарының бірі деп түсіну қажет. Биологизаторлық типологияны сынау мінез типтерінің, шын мәнінде, қоғамдық тұрғыдан ғылыми-жаратылыстық негіздерін менсінбегендік емес.

Неміс психологиясының өкілдері Дильтей-Э.Шпрангер «Өмірлік түр- лер» атты кітапта жеке тұлға мен мінездің  барлық  байлығын  6 түрлі

«идеалдық типтерге» жатқызу қа- жеттігін айтты. Олар: теориялық, экономикалық, эстетикалық, діни, әлеуметтік және саяси. Осы типтер- дің әрқайсысы субъективті түрде си- патталады. Мысалы, саяси және әлеу- меттік типтер бір-біріне қарама- қарсы қарастырылады, ал патрио- тизм адамның бағыттылығының бас- ты жақтарының бірі ретінде еске- русіз қалды. Шпрангер қоғамдық қарама-қайшылықтарды, мәдени құндылықтарды жоққа шығарды. Же- ке тұлғаның бағытталығын қалып- тастыруда өмірбаяндық сәттерді ес- кермеді.

К.Ясперстің теориясы бойынша

«утилитарлық» және «интеллек- туалдық» типтер «таза емес» типтер- ге жатқызды, өйткені олар адамның барлық «рухани күштерін» толық сипаттай алмайды деп түсіндірді. К.Ясперс көзқарастың 3 негізгі ти- пін қарастырады: бұлардың бірін- шісі – нигилистер мен скептиктер; екіншісі – «әрекеттің адамдары» мен романтиктер; үшіншісі – ме- тафизиктер мен мистиктер, К.Яс- перстің қызығушылығы соңғы тип жағында екені анық байқалады. Оның типологиясы өмірден алшақ жатқан типология екені байқалады.

Бірақ экзистенциализм – қазіргі ба- тыс философиясында, психология- сында кеңінен тараған ағым болған- дықтан, әсіресе оның оңшыл реак- циялық психологиясында, атап айт- қанда, мінез табиғатын ашуда бұл бағыттың кемшіліктері баршылық.

Мінездің ерекшеліктерін түсіндіру- де функционалдық типология бас- қа өлшемдерді ұсынады, демек, мі- нез типтерін адамның белгілі бір психикалық функциясының немесе бірнеше психикалық функциялар- дық араласып келуі түрінде түсіне- ді. Функционалдық типология функ- ционалдық психологияның бір бағы- ты ретінде, онда психика, сана және жеке тұлға психикалық үрдістердің, функциялардың немесе қабілеттілік- тердің бірігіп келуі тұрғысынан қа- растырады.

XIX ғ. француз психологтарының көрнекті өкілдерінің бірі Т.Рибо мінез типологиясының негізіне екі функ- цияны жатқызды: сезімдер және бел- сенділік, әрбір мінездің негізгі бітісі оның ішкі бірлігі мен тұрақтылығы. Рибо өзінің жіктеуінен мінезі жа- ғынан аморфты және тұрақсыз адам- дарды алып тастады, оларды ол «өр- кениеттің қоқысы» деп атады. Ри- боның ұсынған типологиясы интел- лектіге қарсы бағытталды. Интел- лектіні жеке тұлғаның ерекше жағы ретінде мойындаудың орнына, оны ол мінездің үстіңгі қабаты ретінде қарастыра отырып, инстинктер мен аффектілердің жеке тұлғадағы рөлін асыра бағалады.

XIX V. француз психологиясында Поланның характерологиясы ерекше орын алады. Ол функционализмді оның абстрактылығы, өмірден ал- шақтығы үшін қатты сынға алды. Поланның айтуынша, типология психикалық іс-әрекеттің заңдылық- тарына және нақтылы адамзат тен- денциясын, оның түрі мен мазмұнын зерттеуге негізделу қажеттігін атап өтті.

Орыс характерологиясынан ерекше маңызды типологияны П.Ф.Лесгафт және А.Ф.Лазурский ұсынған бо- латын. П.Ф.Лесгафт өзінің «Балаға отбасы тәрбиесі және онын маңы- зы» деп аталатын еңбегінде типтерді екі категорияға бөлді. Бірінші кате- горияға іс-әрекеттің жоғары көріні- сі типтерін жатқызды.

Екінші категориядағы типтерге – баяу – ақыл-ой көріністерімен ерек- шеленетіндерді жатқызды. П.Ф.Ла- зурский «Жеке тұлғаның жіктелуі» деп аталатын еңбегінде жан-жақты типологияны берді.Мінез туралы ілімнің дамуына ерек- ше әсер еткен физиогномика (рһу- sіоgnomike) – адамның ішкі сезімінің сырт көрінісі туралы ілім. Италия- лық психиатор Ч.Ломброзоның (1835- 1909) айтуынша, қылмыскерді сырт- қы келбетінен білуге болады. Бірақ Ч.Ломброзоның теориясы ғылыми тұрғыдан дәлелденбеді. Физиогно- мика – адамның сыртқы келбеті мен оның жеке тұлғаның белгілі типіне жататындығының байланысы тура- лы ілім. Бұл ілім арқылы адамның сыртқы белгілері бойынша бұл тип- тің психологиялық мінездемесі анық- талады.

Ерекше белгілі болған Иоганн Кас- пер Лафатердің физиогномикалық жүйесі, ол жүйе бойынша адам мі- незін танып-білудің негізгі жолы бас құрылысын, бас жүйесінің табиғатын, бет пішінін және т.б. зерттеу деп есептеді. Адам мінезін анықтауда фи- зиогномистер әртүрлі анықтайтын белгілерді пайдаланды.

Физиогномистер адам мінезінің не- гізгі көрсеткіштері көзінің бітісіне, түсіне, жанарына байланысты си- паттама береді. Сонымен қатар мінез туралы ілімде жеке бағыт болып та- былатын адамның дара ерекшелікте- рі – жүрісі және тұрысы, дене біті- міне қарай психологтар мінезін анық- таған. Күнделікті санамызда қалып- тасқан пікір – өркөкірек, паңданған, өзін басқалардан жоғары ұстайтын адамдар денесін артқа қарай шал- қайтып, көкірегін көтеріңкі, басын артқа шалқақ ұстайды. Жағымпаздар алға қарай еңкейтіп, иіліп-бүгіліп, жанарынан алдамшы күлкінің желі есіп тұрады.Сондай-ақ физиогномистер адам- ның бет пішінін жануарлармен салыс- тыра отырып, мінезін анықтауға әре- кет жасаған.

Мінездің негізгі көрсеткіші болып табылатыны – адамның көзі. Аме- рика психологтары Дж.Глайв және Э.Клери 10 мыңнан астам баланың мінез бітісін 5 жыл зерттегеннен ке- йін, қара көзді балалар ашық түсті балаларға қарағанда өміршең, бел- сенді және орнықсыз мінезімен ерек- шеленеді, қара көк көзді адамдар табанды, берік, бірак нәзіктікке бе- йім келеді, олар көңіл күйге тез бері- леді, көңілге алғанды ұзақ сақтайды, мінезі өте шатақ келеді. Қоңыр көк көзді адамдар бірбеткей және батыл, табанды, өзінің айтқанын істетеді, тез іс-әрекетке енеді, қызғаншақ ке- леді. Қой көзділер көңілді, ақылды, ашулы, бірақ ашуы тез қайтады. Тілтапқыш, әзіл-оспақты жақсы кө- реді, адамдармен тез жақындаса бі- леді. Ашық қой көзді адамдар ұял- шақ, өзімен-өзі жүргенді жақсы кө- реді, арманшыл, көңіліне алғанды басынан ауыр кешіреді. Еңбексүй- гіш, оларға арқа сүйеуге болады. Олар- да сенім мол. Көк көздер романти- каға бейім келеді, сонымен қатар өзімшіл және өз пікірінде болатындар. Олардың жағымды жағы – әділдігі. Жасыл және қоңыр-жасыл көздер көп жағдайда ерік-қайраты күшті, шешімге келе білетін, өз мақсатын бе- рік орындайтын адамдардың міне- зі. Олар өте қатал және сөйлемейтін болып келеді.

Физиогномикамен салыстырғанда мінез туралы өте құнды ілімнің бі- рі – графология ғылымын атауға болады. Адамның мінезін жазуына қарап анықтайтын ғылымның сала- сын графология деп атайды.

Ғасырлар бойы жинақталған гра- фологиялық мәліметтер екі жақты байланысты (жазу ерекшеліктері мен мінезді) анықтады. Жазу кәсі- би өнер – каллиграфия болған уа- қытта жазудың, автордың тек тех- никамен, икемділіктермен және қабі- леттіліктермен байланысы емес, со- нымен қатар рухани және адамгер- шілік келбетімен байланысты бол- ғаны белгілі. Қазіргі адамның жазуы мен мінез бітісінің арасындағы бай- ланыс ғылыми тұрғыдан негізсіз, дәлелденілмеді.

Ал жазудың кейбір өзіндік ерекше- ліктерін зерттеуде психикалық ау- рулардың диагностикасын анықтау үшін пайдалануға болады. Шизо- френиямен ауырған адамдардың жа- зуында өзіндік ерекшеліктері байқа- лады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *