МІНЕЗДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАБИҒИ ЖОЛДАРЫ. Мінездің құрылымын зерттеу оның ең алдымен бітістерін жүйелеу, олардың өзара байланысын көрсету болып табылады.
Ақын-жазушылар адам мінездерінің көркем бейнесін жасағанда олардың жекелеген типтік бітістерін көрсету- ге тырысады. Бұл жерде адам мінез- дерінің әсіресе типтік түсіну үшін Гоголь мен Чеховтың қойын дәптер- леріндегі жазбаларды оқып шығу жеткілікті дер едік.
Мінезді түсінуде интуиция ерекше рөл атқарады. Интуиция шабыт сияқ- ты тек қана еңбексүйгіш адамдарға тән қасиет. Л.Н.Толстой «Жексенбі» романында былай деп жазды: «Адам- дар өзен сияқты: су бәрінде де бірдей және әруақытта да біреу, бірақ әрбір өзен бірде тар, бірде тез, бірде кең, бірде тыныш, бірде таза, бірде сал- қын, бірде лас, бірде жылы. Адамдар да соңдай. Әрбір адамның бойында кісінің барлық қасиеттерінің негізде- рін кездестіруге болады ».
Адамның мінез бітістерінде оның өмір тарихы күшті бейнеленеді. Сон- дықтан да мінезді зерттеуде міндетті түрде адамның өмір сүру тарихына көңіл бөлу қажет.
Ерлік дегеніміз – алға саналы түрде қойылған мақсатты орындау жолын- да кездескен қиыншылықтарды же- ңуге даярлығы, белсенділігі, табан- дылығы. Адам өзінің өмірлік іс-әре- кетін, өзінің еркі мен санасының ны- санын жасайды. Еріктің арқасында адам өз іс-әрекетін бағыттайды, рет- тейді, бақылайды. Жануарларда екін- ші сигнал жүйесінің болмауына бай- ланысты саналы мақсатқа ұмтылу- шылық, сонымен қатар өз мінез-құлқына саналы бақылауды іске асыру қабілеттілігі болмайды.
Жеке тұлғаның тұрақты және тұр- лаулы белгілі ерешеліктерін мінез бітістері деп атайды. Бұл тұлғаның кездейсоқ қасиеттері емес, оның бү- кіл мінез-құлқының бірсыдырғы қа- лыптасып үлгерген бітістері.
Адамның мінезінің жекелеген бі- тістерінің қоғамда болып жатқан өз- герістердің әсерінен жаңа мазмұнға ауысады. Мәселен, нарықтық қаты- настарға байланысты біздің қоғам- дағы адамдардың психологиясын- да, сана-сезімінде, мінез бітістерінде нарық талаптарына сай елеулі өз- герістерді байқауға болады, адам мі- нез-құлқындағы қалыптасқан бұ- рынғы құндылықтар өзгеріске ұшы- рады. Нарық жағдайында жекемен- шік психологияға негізделген жаңа мінез бітістері қалыптасады.
Адамның мінез бітістерін екі негізгі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа жеке тұлғаның бағыт- тылығын білдіретін мінез бітістері жатады: қоғамға, ұжымға, басқа адам- дарға қатынасын білдіретін мінез бітістері, еңбекке, сондай-ақ өзіне- өзінің қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді.
Екінші топқа көзделген мақсатты орындау жолында кездесетін қиын- шылықтарды жеңуге бағытталған – мінездің ерік-жігерлік бітістері.
Мінездің темпераменттен айырма- шылығы – адам мінезі бүкіл өмір бойы белгілі дәрежеде өмір жағдай- ларына байланысты өзгеріп отыра- ды. Мінездің қалыптасуының негізгі кезеңі балалық шақта іске асады. Ба- ланың мінезінің қалыптасуы алғаш- қы дүниеге келгеннен бастап, ата-аналарының немесе үлкендердің ті- келей ықпалымен дамиды.
Үлкендер, ата-аналар тарапынан ба- лаға жақсы көңіл бөлінген жағдай- да сәбидің бойында жағымды мінез бітістері қалыптасады, егер баланың жан-жақты дамуына, қалыптасуына қолайлы жағдай жасалмаған жағдай- да жағымсыз мінез бітістері дами- ды. Мейірімділік, өнегелілік, тілал- ғыштық, кішіпейілділік сияқты мі- нез бітістері балаға дұрыс қарым- қатынастың, ерекше мән берудің нә- тижесі, сондай-ақ ата-ананың тұйық- тық, мінез бітістері – баламен жа- ғымсыз қарым-қатынастың келеңсіз нәтижесі.
Адамдардың мінездері олардың тем- пераменті сияқты типтерге бөлінеді, бірақ мінездердің жіктелуінің тем- перамент типтерінен елеулі айырма- шылығы бар. Егер де темперамент қасиеттерінің айқын бірігіп келуі темпераменттік типтері деп аталса, айқын байқалатын мінез бітістері ак- центуациялар деп аталады. Бұл ұғым
«акцент» – қазақшалағанда бөліп көр- сету, атап көрсету мағына-сында қол- данылады. Бірақ тәжірибеде «акцен- туация» ұғымы адамда бір ғана емес, бірнеше әртүрлі бітістердің байқа- луын білдіреді.
Мақал-мәтелдер – халықтың мораль- дік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. Халықтық педагогика – ғасырлар бо- йы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық дана- лығы, тәрбие тағылымы. Халық да- налығында мінез бітістері туралы не- бір тамаша ойлар мен тұжырымдар айтылған: «Баланы туады екенсіз, мінезді тумайды екенсің», «Сүтпен кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан дұрыс болғанмен, мінездің жағымды жақтарын тәрбиелеуге, қалыптасты- руға болады), «Жақсы мінез – жар- ты ырыс» дейтін халқымыз жұғымды- лықтың пайдалы екенін көрсетеді.
Талай мінезді асқындырып алып, тыя алмай жүретініміз әлі бар. «Тұрпайы мінез – тағы жат, надандықтың белгі- сі» деп ұлан атанып қалғандарға құ- лаққағыс жасау қандай орынды. Әдеп- тілік пен сыпайыгершілікке, биязы мінезге шақырудың бір әдісі мінез өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қы- тығына тимей, жанама ақыл айтқан жөн.
Нені болсын, дүние сырының қан- дайын болсын «Адам туа білмейді, жүре біледі», – дейді халық даналы- ғы. Қысқасы, халық педагогикасы – ұлт психологиясының айнасы. Ха- лықтың тарихи мінез-құлқының руха- ни жақтаушысы осы қалыптасқан мінез-құлықтың игі дәстүрлерін сақ- таушы және дамытушы. Өз педа- гогикасын тудырған халық әр дәуір- дегі буын-буын ата-аналар арқылы сөзбен де, парасатты мінезбен де ұр- пағын игілікке тәрбелеген.