МОМЫШҰЛЫ БАУЫРЖАН (1910-1982). Қазіргі Жамыл облы- сының Жуалы ауданындағы «Көл- бастау» деген мекенде туған. Жеті жылдық білім алған соң біраз уақыт мектеп мұғалімі болған. 1936 жылы қайтадан әскер қатарына алынып, ро- та командирі болады. 1941 жылы Соғыс басталысымен ол генерал-ма- йор И.В.Панфиловтың басшылы- ғымен Алматы маңындағы жаңадан жасақталған 316-атқыштар (8 гвар- дия) дивизиясының құрамында атта- нып, батальон, полк командирі қыз- меттерін атқарған. Соғыс кезінде же- ке басының қаһармандығымен ерек- ше көзге түсті, батырлық атақ-даң- қы алысқа тарады.
Соғыстан кейін Кеңес Армиясы бас штабының Жоғары Әскери Акаде- миясын бітіріп, әскери-педагогика- лық қызметпен айналысып, әскери академиясында сабақ берді. 1956 жы- лы полковник атағымен отставкаға шығып, бірыңғай шығармашылық- пен айналысты.
Психология ғылымының шет ел- дерде кең өріс алған салаларының бірі – әскери психология. Қазақстанда осы саланың іргесін қалаушы Б.Мо- мышұлы болды. Бұл жөнінде оның
«Соғыс жылдарында» еңбегі мен со- ғыс тақырыбына жазған еңбектері дәлел. Шын мәнінде ол ірі әскери теоретик, қазақтан шыққан алғашқы әскери ғалым.
Қазақ халқының жауынгерлік пси- хологиясы, жаужүрек батырлығы мен ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық қабілет-қарымы, әскерлерді ерлік жасауға жұмылдыра білу қасиеті, ше- шендігі мен әмір ете білушілік си- паты бұрын-соңды дәл Момышұлын- дай ешбір тұлғадан көрініс таба ал- ған жоқ.
Ол өзін сұрапыл шайқастарда шы- ғармашылық тұрғыдан терең ойлай білетін, солдат жанын терең түсіне- тін психолог командир ретінде таны- та алды. Момышұлы өзінің еңбек- терінде, ең алдымен, ұрыс кезіндегі солдат психологиясына жан-жақты талдау жасай келіп, ұрыс дегеніміз дұшпанға ұйымдасқан түрде техни- камен, қару-жарақ күшімен, психи- камен, ақылмен әсер ету деп түйді. Ол солдатқа ықпал ету құралдары түрлерінің ішінен ақыл-айламен әсер етуге ерекше мән берді. Оның пікірінше, ұрыс тек соғыс құрал- дарының шайқасы емес, ол сондай- ақ бір-бірімен жауласқан екі жақтың ақыл-парасатының, жауынгер рухы- ның, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат, сезім дүниесінің шайқасы. Кімде рухани күш басым болса, көбіне тіз- гіні де соның қолына көшеді. Дұш- панға атыс құралдарымен ықпал ету- ден ақылмен ықпал ету кем түспей- ді. Адам бойындағы бүкіл жақсы- жаман қасиеттер, алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, Отанға, елге сүйіспенші- лік, батылдық пен ерлік, қоянжүрек- тіліктің нағыз сынға түсер жері де осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. «Тек ұрыста ғана, – деп жазды ол, – адам- ның барлық қасиеті сынға түседі… ұрыс психологиясы сан қырлы… Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды» Ұрыс үстінде алдымен сынға түсетін жаяу әскер. Сондықтан басқа әскер түрлерімен
(авиация, танк, теңіз, мотоатқыштар т.б.) салыстырғанда жаяу әскер ұрыс- та бетпе-бет, қоян-қолтық, соғысқа алғаш кіреді, ол жауды атып, тықсы- рып, найзасымен жаншып, жауды жаһаннамға жіберетін, дұшпан ше- бін асып алып, ұстап тұруға бір- ден-бір қабілетті күш. Бұл жөнінде
«…Ұрыстың моральдық-психология- лық ауыртпалығын, сұрапылдығы ешкім де дәл жаяу әскердей қат- ты сезініп басынан өткере алмас», – деп жазды.
Ұрыс ауқымы өте кең ұғым. Оған кісінің ұлттық мінез-құлық ерекше- ліктері, ұлттық мақтаныш, адам- гершілік сезімдері, ерік-жігер, қа- жыр-қайрат, батырлық секілді жан дүниесінің компонеттері енеді. Осы айтылғандардың бәрі бірден-бір әскер түрінде дәл жаяу әскер бойын- дағыдай айқын көрініс тапқан емес… Момышұлының жаяу әскеркер жа- уынгерлерінің психологиялық ерек- шеліктерін ұлттық мінез-құлықпен, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерімен ұштастыра талдап, ашуының та- нымдық мәні терең, һәм өміршең. Жаяу әскердің психологиялық бет- бейнесі мен рухы қандай болмақ? дейтін сауалға ол былай жауап бер- ді: солдаттың жаны нәзік, рухы гра- ниттей берік те мығым. Дұшанға ең қауіпті қару бұл – солдаттың рухы.
«Жаяу әскердің бейнесін лайықты сомдап ашығырақ алған адамды на- ғыз бақытты, бағы бар жазушы дер едім» – деп бүкіл жан дүниесімен құ- лай атқарыла сөйлеуінде үлкен та- ғылым болады. Қазақ халқының жауынгерлік тарихында қолбасшы- лығымыздың әскер басқару әдістері мен ұрыс жүргізу тактикасының мол болғандығын шапырашты Қазыбек би Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабынан да ай- қын байқаймыз. Осы еңбегінде Тау- асарұлы жоңғар қалмақтарына қар- сы ұрыс салудың оннан аса әдісте- рін баяндайды. Олар: «үлкәр жәрік»,
«түтіс дода», «құйрық жеу», «айқор- ланды», «ошақ соғысы», «қаша ұрыс салу», «жүре соғыс», «жекпе-жек со- ғыс», «қоян-қолтық соғыс», «қоян қашты жасау», «шұбыртпалы соғыс»,
«ұры соғыс», «екі аша соғыс», «аламан соғысы», «үш тоғыс соғысы», «хилар соғысы» және т.б. халқымыздың мұн- дай жауынгерлік дәстүрлері із-түс- сіз кетпегені белгілі. Бұл кешегі Ұлы Отан соғысында Б. Момышұлы секілді біртуар дара тұлғалардың бойынан, ұрыс жағдайына сәйкес, жаңаша жағдайда қолданған так- тикалық әдістерінен де көрініс тап- қандай. Қазақ қолбасшысының со- ғыс тәсілдеріне, соғыс психология- сына жасаған пайымдауларына ерек- ше зейін салып, Куба Әскери акаде- миясында оқытылуы, тіпті Фидель Кастроның бұған айрықша мән бе- ріп, оқып-зерттеуі көп нәрсені аң- ғартса керек.
Б.Момышұлы өз еңбектерінде қа- тардағы жауынгер мен оның ұста- зы болып есептелетін командирдің психологиялық бейнесін шыншыл- дықпен сомдап көрсетіп берді. Өйтке- ні, әскер өмірінде осы екі тұлғаның бір-бірімен қарым-қатынасының іш- кі мәнінде өте нәзік психологиялық астар жатқаны белгілі. Өзінің «Жа- уынгерлік тәрбие туралы» жазбала- рында ол ерлік, ұят, масқара болу- шылық сияқты жауынгер бойындағы сезімдерге, батылдық, айлакерлік, ептілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу- ге айрықша назар аудара келіп, мына төмендегі ұғымдарға талдау жасай- ды: 1) ерік дегеніміз не? 2) парасат дегеніміз не? 3) сезім дегеніміз не?
4) шеберлік дегеніміз не? 5) ұят де- геніміз не? 6) абырой дегеніміз не? т.б. Қорғаныс жағдайында талай-талай ұрыс жүргізуді батальон командирі ретінде өз басынан өткізген Момыш- ұлы жауынгер сезімін екі топқа жік- теп қарастыруы оның өте сезімтал байқағыштығын, ірі тұжырымдар жасай алатындығын жақсы аңғарта- ды. Солдат сезімін Момышұлы бы- лайша топтастырады: 1. Жоғарғы се- зімдер (высшие чувства): парыз (долг), ержүректілік (мужество), адамгерші- лік (благородство), ерлік (отвага), батырлық (храбрость), қаһармандық (героизм). 2. төменгі сезімдер (низ- шие чувства): опасыздық (измена), ұждансыздық (низость), үрей (боязнь), қорқыныш (страх), шошу (ужас) жә- не т.б. Ол жоғарғы сезімдерге жауын- гер бойындағы ең жақсы сезімдерді жатқызса, төменгі сезімдерге адам бойындағы ең бір жаман, ұнамсыз сезім – эмоцияларды жинақтайды. Солдаттың жан дүниесіндегі ішкі күрес те осы сезімдердің арпалысы- нан туады. Ұлы Абай үш-ақ нәрсе адамның қасиеті дегенде ол нұрлы ақыл, қайрат, жылы жүрек деп осы үшеуін айтыс-таласқа түсіретіні бар. Ақын осы үшеуінің билік қайсысына тиісті болу керек дегенде ақыл да, күш-қуат та екі жақты, олардың пайдалы да, зиянды да жақтары көп деп, билік жылы жүрекке тиесілі дейді. Ол жүрекке айрықша орын беріп, гуманизмнің, инабаттылық пен имандылықтың бәрі жүректен таралатынына ден қойған болатын. Бір кезде ұлы ойшыл түйіндеген ақыл, жүрек, қайрат – осы үш ұғым Момышұлының психологиялық ой- ларында жаңа қырынан, яғни ұрыс жағдайындағы жауынгер психоло- гиясымен сабақтастырыла қарасты- рылады. Сөйтіп Момышұлы Ақыл, Сезім, Ерік сияқты солдат бойында- ғы қасиетке арнайы тоқталып, бұл жөнінде өзінің мәні терең ой қоры- тындысын ұсынады.
Командир, офицер солдаттың жай тәрбиешісі ғана емес, ол ең алдымен ұрысты ұйымдастырушы басты тұл- ға, әскердің миы. Ол қарамағында- ғыларды ортақ мақсатқа жұмылды- рып, олардың бойында ұжымдық сезім, жауынгерлік игі дәстүрлерді дарыта білуі қажет. «Солдаттың се- зіміне, – деп жазды Момышұлы, бөлімшенің әлсіздігі – оның әлсіз- дігі, бөлімшенің масқара болуы – оның масқара болуы, бөлімшенің даңқы – оның даңқы, бөлімшенің намысы – оның намысы; бөлімшенің сәтсіздігі – оның сәтсіздігі; табысы – оның табысы екендігін жеткізу қа- жет». Ол жауынгер мен командирдің арақатынасын, жауынгерлік семья- ның байланысын, міндеті мен па- рызын үлкен психологиялық тұрғы- дан талдайды. Момышұлы командир- ді өнер адамдары сияқты творчес- твоның адамы деп біледі. Ол әбден байыпталған ойын тайсалмай жүзеге асыратын адам. Дұрыс шешім жасау үшін командир де қаншама іштен ойланып-толғанады, уайым-қайғы жейді, қиналады, сөйтіп, түпкі ше- шім жасайды. Командирдің бұйры- ғы мен шешімінің жауынгерлерге ететін психологиялық ықпалы да зор.Солдат жанында командирі тұрғанын сезсе, көрсе, батыл да сенімді әрекет етеді. Ал командир толқи бастаса, жауынгерлері де толқып, командир қорықса – солдаттарды әп-сәтте үрей билеп алатынына назар аудартады.
Командир ең алдымен өзінің ішкі қорқынышын жеңіп, толқуын басып алмай ұрысқа басшылық жасауға қақысы жоқ. Өзі табандылық көр- сете алмай тұрған командир жауын- герлерін ерлікке жұмылдыра алмай- ды. Командир сәтсіздіктен қорқып, тайсақтамауы керек, ол қатал әрі қарамағындағыларға әділ болуға тиіс. Міне, сонда ғана солдат одан әділ мемлекет өкілін көреді, оған үздіксіз сенеді. Командир жауынгерлеріне же- ке үлгі көрсетіп те сондай-ақ мәж- бүр ету арқылы да ықпал етіп оты- рады. Ол солдатты үнемі тынымсыз бақылап, олардың жай-күйін қадаға- лап отыруға міндетті, өйткені коман- дир бүкіл ұрыстың сәтті аяқталуын қамтамасыз етуші, жеңістің атасы. Офицер басшылық ету психологиясын әбден меңгерген парасатты адам бо- луы шарт. Офицердің болмысын түсінбей ұрыс пен шайқастың мән- мағынасын терең түсініп ұға алу қиын.
Әскери психологиялық ой-пікірлер тарихында сирек ұшырасатын Мо- мышұлы қолданған кейбір ұғымдар мен түсініктерге тоқталып өтейік. Олар төмендегідей: ойлау (мышле- ние), ес (память), назар (внимание), мінез (характер), сезім (чувство), парыз (долг), ар (совесть), абырой (гордость), ұят (стыд), масқара бо- лу (позор), жігерлендіру (вооду- шевление), өзара көмек көрсету және коллектившілдік сезім (взаимная выручка или чувство коллективизма), үрей (боязнь), қорқыныш (страх), зәресі, үрейі ұшу (ужас), сасу (па- ника), үміт үзу (отчаяние), өжеттілік, қайсарлық (дерзновение), ұлттық рух (национальный дух), ұлттық пат- риотизм (национальный патрио- тизм), күншілдік (зависть), зерігу (скука), қулық (притворство), екі- жүзділік (лицемерие), күдік (сом- нение), тобыр (толпа), ерік (воля), ынтасыздық (невнимательность), салақтық (неаккуратность), күш-қай- рат (энергия), табандылық (настой- чивость), өзін-өзі ұстай білу (само- обладание), бастаманы қолға алу (ини- циатива), батылдық (храбрость), шешімсіздік (нерешительность), мі- незсіздік (бесхарактерность), т.б. Батыр қырықтан астам психология- лық ұғымдар мен түсініктерге тоқ- талып, оларға нақты да дәл әрі ай- қын, қанатты сөздей қысқа анық- тама беріп отырады. Б.Момышұлы талдаған психологиялық термин- дердің ауқымы мен аясы, мазмұны мен ғылыми астары өте кең. Қарама- ғындағы жауынгерлердің тыныс- тіршілігін, мінез-құлқын, қабілет-қа- рымын, өз міндетін тамыршыдай тап басатын командир ретінде ол солдат психологиясына соншалықты зейін салып, терең үңіле білгендігі ерекше байқалады. Мәселен, күдік – қорқыныштың бір түрі, ойдың тол- қуы деген анықтама беріп, күдікте- не бастаған командирдің өз мінде- тін орынбасарына арта салып, жа- уапкершіліктен қашқақтайтынына ерекше тоқталып, дивизия коман- дирі генерал Черниговтың ақылының тұрлаусыздығынан өзінің бір емес, үш рет ажал қақпанына түсіп қала жаздағанын, осы жағдай «күдік» деген ұғымды терең зерттеуіне себеп болғанын ашына жазады. Оның күдік, қорқыныш, зәресі ұшу сияқты психологиялық мәселелерге үнемі қайта-қайта оралып отыруында зер сала қараған жанға мұнда үлкен мән бар екендігі байқалады. Мәселен, Александр Бек повесінің бір тарауы
«Қорқыныш» деп аталатыны белгілі. Адам баласына, жалпы тірі нәрселер- дің бәрінің де табиғатына қорқы- ныш, өзін-өзі аман сақтау сезімі тән. Ал ұрыс жағдайында қорқыныш се- зімі жауын-гер мен командирдің бо- йын түгелдей билеп, жағасынан ала түсетіні белгілі. Адамның жағымсыз сезімдерінің ішінде қорқыныш се- зімі бойды билеп алса – ең қауіпті жау сол. Батырдың жазбаларында қорқыныштың бірнеше түрлері си- патталады. Олар: әскери қызметтің қорқынышы, әскери жорық қор- қынышы, ұрыс алдындағы қорқы- ныш, ұрыс кезіндегі қорқыныш, т.б. ұрыс кезінде солдаттың бойын екі түрлі сезім билейді: ол – парыз және қорқыныш сезімі. Ұрысқа дейін сондай-ақ ұрыс үстінде бұл екі сезім үнемі жауынгер бойын би- леп, оны арпалысты күйге түсіреді. Жауынгердің ішкі әлемі алай-түлей күй кешеді. Егер осындай күресте жауынгер бойындағы парыз сезімі, оның дұшпанға деген өшпенділік се- зімі жеңсе – онда жауынгер батыл- дықпен шебер шайқаса алады, ол әр- бір қадам басқан сайын тапқырлық танытып, ең қауіпті сәттердің өзінде темірдей тегеуірінділік көрсетеді.Жауынгер тәрбиесінде ол ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердің, яғни этнопсихологиялық ерекше- ліктердің маңызы. Ұлы Отан соғысы тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп берді. Ол мұны терең ұғынып, оның ерекше маңыздылығын түсіне білді. Б.Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға баса назар аударып, әртүрлі этностар (қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ук- раин, белорус, т.б.) бойындағы жақ- сы қасиеттерді көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуге үнемі зор мән беріп отырды.
Әскери тәрбиедегі басты әдіске жа- уынгерлердің көзін жеткізе білуді жатқызып, оны мәжбүр етуге қосал- қы құрал ретінде қарайтынын, өйт- кені солдатты еріксіз мәжбүр етіп, өз ықтиярына көндіргеннен гөрі көз жеткізудің пәрменділігіне, ал көзі жеткен адам өз міндеті мен боры- шын саналы түрде ғана емес, зор шабыт, творчестволықпен орыңдай- тынына асқан білімділікпен назар аудартады, сондықтан ол бас ию- шілікке, көнбістілікке, көнтерілікке тәрбиелеуді – адамды моральдық тұрғыдан толық езіп-жаншу деп біледі.
Б.Момышұлы жалпы Шығыс ха- лықтарына ежелден тән намысқой- лық, үлкенді сыйлау, ар-ұят, парыз, имандылық, Отанға, ата мекенге де- ген сүйіспеншілік, үлгі-өнегеге мо- йын ұсынушылық сияқты ана сү- тімен қанға сіңіп дағдыға айналатын жауынгерлік қасиеттердің психо- логиялық астарларына тоқталады. Мәселен, казақтың ұлттық ойында- рының (көкпар, аударыспақ, сайыс, асық ойнау, т.б) солдаттарды епті- лікке, ширақтыққа үйрететініне, ал мұның өзі жауынгерге ұрыс жағда- йында ауадай қажет екендігін тәп- тіштеп түсіндіреді.
Бауыржан Момышұлының психо- логиялық пікірлерінің кесектігі мен ірілігі, терең талдаулары мен тұжы- рымдарының сонылығы – оның қолбасшылық қасиетінің даралығы мен жан дүниесінің кеңдігі, асқан жаңашылдығын байқатады. Осы- нау психологиялық ой-пікірлер мен толғаныс-тұжырымдар тек жауын- герлерді тәрбиелеуге ғана емес, қазір- гі әскери психология ғылымы үшін де маңызы зор. Мұны біз әлі де қа- рулы күштерімізді жүйелі түрде иге- ріп пайдалана алмай келеміз. Сон- дықтан осы бай да бірегей мұраны зерттеу – қазақ оқымыстыларының басты парызы болмақ.