МИ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС АЙМАҚТАРЫ – үлкен ми сыңарларының алдыңғы ирегі, Ро- ланд сайының алдында орналасқан. Бұл жерде негізінен Бец деп атала- тын алып пирамида тәрізді жасуша- лар болады. Олардың ұзын өскінде- рі пирамидалық өткізуші жол құра- мына еніп, аралық және жұлынның қозғаушы нейрондарымен жалғасып жатады. Қозғалыс аймағының ең жоғарғы жерінде – аяқ, содан соң қол, бас, бет, мойын, ал ең төменгі бөліктерінде – тіл, жұтқыншақ және т.б. ағзалардың қозғаушы жүйкелері- нің орталығы орналасқан.