МИ СЫҢАРЛАРЫ

МИ СЫҢАРЛАРЫ. М.с. екі бөлік- тен (оң жақ, сол жақ) тұрады. Оның салмағы бүкіл ми бағаны салмағының 80 пайызына тең. Мұның іші ақ заттан, сыртқы қабығы сұр заттан тұрады, сұр зат ми қабығы деп ата- лады. Ол қалыңдығы 2-3 миллиметр- лік бірнеше қабаттан құралады. Бұлар- дың клеткалары өздерінің типі мен атқаратын қызметіне қарай бір-бірі- нен өзгеше болып келеді. Осы клет- калардан тұратын жүйке талшық- тары миды сезім мүшелерімен, дене- нің әр түрлі бөліктерімен байла- ныстырады. Мұндағы клеткалардың саны 15 миллиардқа жуық. Ми қа- бығы екі үлкен сайдан (Салви, Ро- ланд), көптеген иректерден тұрады. Онда көптеген жүйке орталықтары (көру, есту, дәм, қозғалыс, т.б.) бар. Олардың жалпы саны 200-ге жуық. Ми сырт жағынан төрт бөлікке бө- лінеді. Олар: маңдай, төбе, қос са- май, желке. Ми қабығы бірыңғай тұ- тас мүше, ол қабылдағыш аспап іс- петтес көптеген талдағыштар ядро- сының жиынтығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *