МИ СЫҢАРЛАРЫ

МИ СЫҢАРЛАРЫ – ми қабығы екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сы- ңар деп аталатын) тұрады. Ми сы- ңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұ- ның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталына- ды. Ол қалыңдығы 3-4 миллиметр- лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары (жасуша- лары) типі мен қызметіне қарай бір- бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын жүйке талшықтары оларды сезім мүшелері- мен, бүкіл денемен, сондағы барлық клекалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай жүйке клетка- ларының саны 16 миллиардқа жуық деп есептелінеді. Ми қабығы төртке бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қа- бығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді көптеген анализаторлардың (талдағыштар- дың) ядросынан тұрады. Мұнда кө- ру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс т.б. жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде – есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың жалпы саны – 200-ге жуық. Бұлардың ми қабығындағы орны бір жерге шек- телмеген, нақты ми орталықтары мидың басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады.

Ми сыңарларының (оң, сол) бірлесіп жұмыс атқаруларымен қатар өз алдына дербес қызметтері бар екен- дігі анықталған. Мәселен, сол сы- ңары – логикалық ойлау мен санау- дың, ал оң жарты шар кеңістікті бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән, музыка т.б.), эмоциялық әсерлердің дағды, әдет, бейсана құбылыстардың жұмысын айқын реттестіріп отыра- тындығы дәлелденген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *