МИДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ «ТАҢБА» ЖҮЙЕСІ. Белгілі тітіркендір- гіштерді бір қалыпты ұзақ уақыт қай- талай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің, тұрақты, бір ізге салын- ған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде 1 рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркен- діргіштердің жиынтығына бірнеше рефлекстер туғызылса, (қоңырау, жа- рық, метроном т.б.) және олар бел- гілі тәртіп бойынша жеткілікті түр- де қайталанса, кейін оған тітіркен- діргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реак- циясының бүкіл жүйесін өзгерт- пей, түгелімен қайта жаңғыртып шы- ғады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге орга- низмнің төселуін, соның нәтижесін- де ми қабығында қозу мен тежелу жүйесі жасалады. Мұны И.П.Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Бұл ми қабығының «біріккен әре- кеті», «ішкі процестердің, жаттық- қан және теңескен жүйесі». Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптері сыртқы ортадан келе- тін тітіркендіргіштердің бірсыдыр- ғы тұрақталған жағдайында ғана жасалынады. Динамикалық стерео- типтер сыртқы ортаның өзгеруіне қарай жаңадан құралып, ал ортаға сәйкес келмеген жағдайларда қайта- дан жаңғырығып тұрады. Адамның сан алуан дағдылары мен әдеттері, жүріс-тұрыстың, мінез бітістерінің бірқалыпты көріністері осындай ди- намикалық стереотиптерден тұрады. И.П.Павловтың ілімі бізге тек пси- хикалық құбылыстардың физиоло- гиялық негізін ашпай, сонымен қа- тар, оларды тәрбиелеудің жолдарын да көрсетеді. Адамның барлық өмірі, оқыту-тәрбиелеу процесі, түрлі әдет- ғұрпы мен мінез-құлқының сан алуан көріністері бірінші және екінші сиг- нал жүйелерінің бірлескен жұмы- сына негізделген шартты рефлекстер болып табылады. Жүйке жүйесі икем- ге көнгіш, онда адамның кейбір ке- містіктеріне қарсы күресетін компен- саторлық механизмдер де жеткілік- ті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек тума қасиеттерімен ғана емес, орга- низмнің жеке өмір сүру барысында оған үнемі әсер етіп отыратын тәр- бие мен оқыту процесіне байланыс- ты осынау тұжырымдар И.П.Павлов ілімінің ең негізгі арқауы болып та- былады. И.П.Павловтың ілімі адам санасы мен жануарлар психикасы- ның арасындағы айырмашылық- тарды жан-жақты зерттеуге мүмкін- дік туғызды. Оның жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімінің баға жет- пес маңызы да осында.