МИДАҒЫ СИГНАЛДАР ЖҮЙЕСІ

МИДАҒЫ СИГНАЛДАР ЖҮЙЕСІ – үлкен жартышар қабығы сырт- қы дүниеден және ағзадан келетін әртүрлі сигналдардың әсерін өз ба- сынан кеше отырып, күрделі анали- тикалық-синтетикалық іс-әрекет ат- қарады, демек, күрделі тітіркендір- гіштерді, күрделі сигналдарды же- келеген бөліктерге бөледі, оларды болашақ тәжірибемен салыстыра- ды, оның ішінде ең негізгісін, мәнді- сін бөліп көрсетеді.

Сигналдар, ең алдымен, анализатор- ға өз қасиетімен әрекет етуші қорша- ған ортаның заттары мен құбылыс- тары болып табылады. Бұл әртүрлі көру, есту, дәм, иіс тітіркендіргіште- рін И.П.Павлов бірінші сигнал жү- йесі деп атады. Ол жануарларда жә- не адамдарда болады.

Сөздер және сөз тіркестері, ең алды- мен адамдар оны естиді, сонымен қа- тар белгілі бір заттар мен құбылыс- тар туралы оған сигнал береді. Сөз- дер және сөз тіркестерін И.П.Пав- лов екінші сигнал жүйесі деп атады. Екінші сигнал жүйесі адамның қо- ғамдық өмірінің жемісі және тек қана адамға тән. жануарларда екінші сигнал жүйесі болмайды. Екінші сиг- нал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдар- дың сигналы деп атады.

Адам өміріндегі сөздің ықпалдық мәнін анықтай келіп, Павлов былай деп көрсетті, сөз адам үшін шартты тітіркендіргіш сияқты. Сөз, тіл адам- ның әртүрлі іс-әрекетінің өзіндік қа- лыптастырушы сигналдары болып табылады.

Бірінші және екінші сигнал жүйеле- рі бір-бірімен өзара тығыз байланыс- ты іске асады.

Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлау- ының негізіне жатады, ол жинақтал- ған түрде білімді есте сақтауға мүм- кіншілік жасайды, адамдар арасын- дағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. Екінші сигнал жүйесінің және оның бірінші сигнал жүйесімен байланысы арқылы адам санасын дамытуға қо- ғамдық жағдайдың шешуші ықпа- лын іске асырады. Екінші сигнал жү- йесі арқылы адам өзін-өзі, өзінің іс- әрекеттерін, қылықтарын басқарады, шартты рефлекстерді тежейді, неме- се, керісінше, оны күшейтеді, тезде- теді, оның жүрісін баяулатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *