Құранға еру

Құранға еру

(Мұхаммед ғ.с.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін əрі ақыл иелері үгіт алсын.

(Сад, 29)

Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дəлелдер жəне нақ сенген елге жетекші əрі рахмет.

(Жасия, 20)

Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жəбірейіл ғ.с.) үйретті.

(Нəжім, 4-5)

Сонда Алла құлына уахи ететін нəрселерін көкейіне салды.

 (Нəжім, 10)

Күдіксіз, бұл Құран əлбетте əлемдердің Раббысының түсіргені. Оны сенімді Рұх (Жəбірейіл) келтірді. Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды. Ап-ашық бір араб тілінде.

(Шұғара, 192-195)

Расында, Біз мұны арабша Құран түрінде түсірдік, əрине, түсінерсіңдер.

(Юсуф, 2)

Осылайша, Құранды арабша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен  кейін, олардың  көңілдері  ауған  тарапқа ілессең, сені Алладан  арашалайтын  бір дос не қорғаушы  болмайды.

(Рағыд, 37)

Бұл Кітап – білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арабша Құран. Қуандырушы, қорқытушы. Алайда, олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар құлақ салмайды.

(Фуссилат, 3-4)

(Мұхаммед ғ.с.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың (ескертуің) үшін, өз тіліңде оңайластырып түсірдік.

(Мəриям, 97)

Қиямет күні əр үмбеттің ішінде өздерінен бір айғақ əкелеміз. (Мұхаммед ғ.с.) сені осы үмбетке айғақ қылып келтіреміз. Сондайақ саған əр нəрсені ашықтайтын жəне мұсылмандар үшін тура жол, игілік əрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік. Негізінде, Алла əділетті, игілікті жəне ағайынға қарайласуды бұйырады. Жəне де арсыздықтан, қарсылықтан əрі зорлық-зомбылық жасаудан тыяды.

Сендерге насихат береді. Əрине, түсінерсіңдер.

(Нахыл, 89)

(Мұхаммед ғ.с.) Жəбірейіл Құранды шынайы түрде иман келтіргендерді бекемдеу үшін жəне мұсылмандарға туралық пен қуаныш түрінде Раббың тарапынан түсірді.

(Нахыл, 102)

(«Алиф, лəм, ра», ұғымын Алла біледі). (Мұхаммед ғ.с.) бұл Құран адамдарды Алланың рұқсатымен қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем əрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін Біз саған түсірген бір Кітап.

(Ибраһим, 1)

Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін.

Əрі ақыл иелері үгіт алсын.

(Ибраһим, 52)

Саған Құранды олардың қайшылыққа түскен нəрселерін анықтауың жəне иман келтірген ел үшін тура жол əрі игілік түрінде ғана түсірдік.

(Нахыл, 64)

Саған Құранды машақат (ауыртпалық) үшін түсірмедік. Бірақ, қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.

(Таһа, 2-3)

(Мұхаммед ғ.с.) «Куəлік тұрғысынан қай нəрсе үлкен?» – де.

«Мені мен  сендердің  араларыңда  Алла куə жəне маған осы  Құран сендерді сондай-ақ кімге жетсе, оларды ескертуім үшін уахи етілді. Сендер Алламен бірге басқа тəңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?» – де. «Мен куəлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол – жалғыз Тəңір. Күдіксіз, мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де.

(Əнғам, 19)

Өте түзу Құран, Алланың қасынан, қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін түсірілді.

(Кəһф, 2)

Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға (ақиқатқа) шығу үшін.

(Ясин, 70)

Міне бұл хикметті Кітаптың аяттары. Тура жол, мəрхамет, жақсылық істеушілер үшін. Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ақыретке толық нанады.

(Лұқман, 2-4)

Мұғжизалармен, кітаптармен пайғамбарлар жібердік. Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік.

Əрине, олар түсінер.

(Нахыл, 44)

(Мұхаммед ғ.с.) «Куəлік тұрғысынан қай нəрсе үлкен?», – де. «Мені мен сендердің араларыңда Алла куə жəне маған осы Құран сендерді, сондай-ақ кімге жетсе, соларды қорқытуым (ескертуім) үшін уахи етілді. Сендер Алламен бірге басқа тəңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?», – де. «Мен куəлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол – жалғыз Тəңір. Күдіксіз, мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де.

(Əнғам, 19)

Расында, ол Құран тақуалар үшін бір насихат.

(Хаққа, 48)

Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін. Əрі ақыл иелері үгіт алсын.

(Ибраһим, 52)

Расында, бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен, олардың жиреніштерін ғана арттырды.

(Исра, 41)

Олар: «Оны Мұхаммед өзі сəйкестірді» дей ме? (Мұхаммед ғ.с.): «Ондай шыншыл болсаңдар, Алладан өзге кімге шамаларың келсе шақырып, осы тəрізді бір сүре жасап əкеліңдер», – де.

(Юныс, 38)

(Мұхаммед ғ.с.): «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар бір-біріне көмекші болса да, келтіре алмайды» де.

(Исра, 88)

Рас, ол бұрынғылардың кітаптарында да бар еді.

(Шұғара, 196)

Раббыңның сөзі (Құран) шындық əрі туралықпен тəмамдалған.

Оның сөздерін өзгертуші жоқ. Ол толық естуші, аса білуші.

(Əнғам, 115)

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, əрине, онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.

(Ниса, 82)

Осы (Құран) Біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер əрі сақсыныңдар. Мəрхаметке бөленерсіңдер.

(Əнғам, 155)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *