Түсірілуінің хикметтері
(Мұхаммед ғ.с.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың (ескертуің) үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.
(Мəрям, 97)
Қиямет күні əр үмбеттің ішінде өздерінен бір айғақ əкелеміз. (Мұхаммед ғ.с.) сені осы үмбетке айғақ қылып келтіреміз. Сондайақ, саған əр нəрсені ашықтайтын жəне мұсылмандар үшін тура жол, игілік əрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік.
(Нахыл, 89)
(Мұхаммед ғ.с.) Жəбірейіл Құранды шынайы түрде иман келтіргендерді бекемдеу жəне мұсылмандар үшін туралық əрі қуаныш түрінде Раббың тарапынан түсірді.
(Нахыл, 102)
Ұғымын Алла біледі. (Мұхаммед ғ.с.) бұл Құран адамдарды Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ, үстем əрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін Біз саған түсірген бір Кітап.
(Ибраһим, 1)
Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін. Əрі ақыл иелері үгіт алсын.
(Ибраһим, 52)
Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нəрселерін анықтауың жəне иман келтірген ел үшін тура жол əрі игілік түрінде ғана түсірдік.
(Нахыл, 64)
Саған Құранды машақат үшін түсірмедік. Бірақ, қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.
(Таһа, 2-3)
(Мұхаммед ғ.с.) «Куəлік тұрғысынан қай нəрсе үлкен?», – де. «Мені мен сендердің араларыңда Алла куə жəне маған осы Құран сендерді, сондай-ақ, кімге жетсе, оларды қорқытуым (ескертуім) үшін уахи етілді. Сендер Алламен бірге басқа тəңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?», – де. «Мен куəлік бере алмаймын! Шынайы түрде, Ол – жалғыз Тəңір. Күдіксіз, мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де.
(Əнғам, 19)
Өте түзу Құран, Алланың қасынан. Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (түсірілді).
(Кəһф, 2)
Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.
(Ясин, 70)
Тура жол, мəрхамет жақсылық істеушілер үшін. Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ, олар ақыретке толық нанады.
(Лұқман, 2-4)
Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік.
Əрине, олар түсінер.