Тəңір жүректерді басқарушы
(Құранның тура жолынан пайдалана алатын тақуалардың: Көмеске иман келтіру, намазды толық орындау, Алла жолында мал сарып қылу, кітаптарға жəне ақыретке нану бес шарты баян етілгеннен кейін келесі аяттарда ескерту пайда бермейтін, қасарысқан надандар мен екіжүзді мұнафықтар баян етіледі). (Мұхаммед ғ.с.) расында, қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бəрі бірдей. Олар иман келтірмейді, Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген əрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (Алла оларды жаратып ой, көз, құлақ берген болса да, қарсы келіп қасарысқандықтарынан осы халге келген).
(Бақара, 6-7)
Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттрына қар сы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері жəне жүректеріміз перделі деулері себепті Алла, əрине, олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді.
(Ниса, 155)
Міне, бұлар сондай, Алла олардың жүректерін, құлақтарын жəне көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде қаперсіз.
(Нахыл, 108)
(Мұхаммед ғ.с.) сен қашан Құран оқысаң, сені мен ақыретке сенбегендердің арасына көрінбейтін бір перде жасаймыз. Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі жəне құлақтарына қаға беріс (кереңдік) жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде олар жиренген түрде арттарына бұрылып кете береді.
(Исра, 45-46)
(Мұхаммед ғ.с. олар сені): «Аллаға өтірік жала қойды» дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла өтірікті жойып, Өз сөздерімен шындықты шындыққа шығарады. Өйткені, Ол жүректегілерді толық біледі.
(Шура, 24)
Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында, Алла өте білуші, хикмет иесі.
(Инсан, 30)