Тəңір барлық нəрсенің Жаратушысы

Тəңір барлық нəрсенің Жаратушысы

Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша болады? Оның жұбайы да жоқ. Барлық нəрсені жаратқан əрі Ол əр нəрсені толық білуші.

(Əнғам, 101)

Расында, сендерді жаратып, сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сəжде қылындар!» дедік. Барлығы сəжде етті. Бірақ, Ібіліс сəжде етпеді де, сəжде етушілерден де болмады.

(Ағраф, 11)

 

Көктер мен жердің патшалығы Оныкі (Алланыкі). Ол ешкімді бала қылып алмады да, Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ.

Сондай-ақ əр нəрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.

(Фурқан, 2)

Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір  белгілі мерзім жасаған, онда əсте шəк (күмəн) жоқ. Сонда да  залымдар бас тартып, мүлде қарсы  келді.

(Исра, 99)

Сөздеріңді жасырсаңдар немесе əшкерелесеңдер де, шəксіз, Алла көңілдегіні толық біледі. Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, əр нəрсені толық білуші.

(Мүлік, 13-14)

Қарсы болғандар, негізінде, көктер мен жер тиіскен еді (əуел баста тосылған, яғни көктен жаңбыр жаумайтын, жерден өсімдік өспейтін болғанын), оларды ажыратқанымызды (Біз оларды босатып, ашып жібергенімізді, яғни жаңбыр жаудырып, жерден өнім шығарғанымызды) əрі жанды нəрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ (жалғыз жаратушы Алланың бар екеніне осындай дəлелдер бар болса да) сенбей ме?

 (Əнбия, 30)

Олар оған жүгірісіп келді. «(Қолмен) жонып алғандарына шоқынасыңдар ма?», – деді. «Алла сендерді де жасаған нəрселеріңді де жаратты».

(Саффат сүресі,  94-96)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *