Тəңірлік белгілер
Оның белгілерінің бірі: сендерді топырақтан жаратуы. Сонан соң сендер адам болып тарқаласыңдар. (Өсіп, өнесіңдер). Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар. Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің əртүрлілігі де Оның белгілерінен. Шəксіз, бұларда білгендер үшін белгілер бар. Күндізтүнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де, Оның белгілерінен. Күдіксіз, бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар. Сендерге үрейлену, дəмету түрінде нажағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудыруы, онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да, Оның белгілерінен. Рас, бұларда ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар. Көк пен жердің Оның əмірінде тұруы да, Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сəтте, дереу сендер шыға келесіңдер. Көктер мен жердегі əркім оныкі. Тұтас Оған бой ұсынады. Ол сондай жоқтан бар етіп, сонан соң қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Əрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тəн. Ол өте үстем, хикмет иесі.
(Рұм, 20-27)
Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшін жаратты. Күдіксіз, Алла тым кеңшілік иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкірлік қылмайды. Міне, осы Алла Раббыларың. Əр нəрсені жаратушы. Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар? Осылайша, Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады. Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Жəне де таза нəрселерден қорек берді. Міне, осы Алла Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл əлемнің Раббы. Ол тірі, Алладан басқа ешбір тəңір жоқ. Ендеше, дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл əлемнің Раббына лайық. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Маған Раббымнан ашық дəлелдер келген сəтте сендердің Алладан өзге жалбарынғандарыңа құлшылық қылуыма тыйым салындым. Сондай-ақ əлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдым» де. Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мəниден, сонан соң ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қылып шығарып, содан кейін ержеткізіп, қартайтады. Кейбіреулеріңді (ер жетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Əрине, ойланарсыңдар. Ол сондай Алла, тірілтеді əрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мəнінде, оған: «Бол!» дейді. Сонда ол бола қалады.
(Ғафыр, 61-68