Одан өзге тəңір жоқ
Құдайларың – бір Құдай. Сол Мейірімді жəне Рақымды Құдай дан (жалғыз Алладан) басқа ешқандай құдай жоқ.
(Бақара, 163)
Алла тағала, періштелер жəне əділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында, тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тəңір жоқтығына куəлік берді.
(Əли Ғымран, 18)
Алла: «Екі тəңір жасап алмаңдар. Шын мəнінде, Ол – бір-ақ Тəңір. Ендеше, Меннен ғана қорқыңдар», – деді.
(Нахыл, 51)
(Мұхаммед ғ.с. оларға) айт: Ол Алла біреу-ақ.
(Ыхлас, 1)
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Дүние, ақыретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тəн. Жəне Сол жаққа қайтарыласыңдар.
(Қасас, 70)