Одан басқа күш-қуат жоқ

Одан басқа күш-қуат жоқ

Рас, сендер үшін малдарда, əлбəтте, өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Жəне олардан жейсіңдер. Мал жəне кемемен тасымалданасыңдар.

(Муминун, 21-22)

Олар жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті, олардың күші бұлардан артық еді. Көктердегі жəне жердегі нəрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз, Ол толық білуші, аса күшті.

 (Фатыр, 44)

Расында, елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Жəне елшілермен бірге адам баласының əділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (əр нəрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш əрі адамзат үшін қажеттіліктер бар. (Қаружарақтар, көлік құралдары тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болмайды). Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мəлім етеді. Сөзсіз, Алла өте күшті, тым  үстем.

(Хадид, 25)

Алла (тағала) «Əлбетте, Мен жəне елшілерім жеңіске иеміз» деп жазған. Шүбəсіз, Алла тым күшті, аса үстем.

  (Мүжадəлə, 21)

Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де, оларды Алланы сүйгеніндей сүйеді. Ал мүміндер Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар  азапты  көрсе, бүкіл қуаттың  Аллаға тəн  екенін, шын  мəнінде, Алланың  қатты азап иесі  екенін  білер еді.

 (Бақара, 165)

(Мұхаммед ғ.с.) имансыздардың сөзі сені кейітпесін. Расында, бүкіл үстемдік Аллаға тəн. Ол əр нəрсені естуші, білуші.

  (Юныс, 65)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *