МӘҢГҮРТТІК – өмір барысын- дағы әртүрлі жағдайларға байланыс- ты ана тілін білмей өсіп, өз ана ті- лін құрметтемеудің көрінісі. Әрбір тұлғаның ана тіліндегі құндылықтар- ға терең ойын сол тілді дамытуы адамдық қасиеттерінің негізі болып табылады. Әрбір этностың генети- калық ерекшеліктері оның ана тілімен тікелей байланысты. Өз тілінде сөйлей алмаған адам ұлттық бейнесін жойып алады. Елін, туған халқын, ата жұртының тарихын білмеу, оның рухани мұрасынан бейхабар, шық- қан тегінен де, тілінен де мақұрым болу, тіпті білгісі де келмеушіліктің, яғни мәңгүрттіктің бірнеше түрі бо- лады. Патологиялық сырқатқа ұшы- раған адамдар да осыған ұқсас күй- ге түседі.