МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – гигиена, профилактика, пси- хофармология диагностиканың ау- руларды емдеу мен сараптаудың мен психологиялық аспектілерін қамти- тын психология ғылымының бір са- ласы. М.п-ның зерттеу объектісі ау- рудың пайда болуы, оның өту бары- сы, оның адам психикасына ықпа- лы, кісіні сауықтырудың оңтайлы әдіс-тәсілдері, ауру адамның мик- роәлеуметтік ортамен қарым-қаты- насының ерекшеліктері т.б. М.п- ның құрылымы медицина ғылымы- ның теориялық және практикалық мәселелермен денсаулық сақтаудың нақты факторларын ашуға байла- нысты жүргізілген іс-шараларға орай бірнеше тараулардан тұрады. Бұ- лардың ішіндегі ең ірі салаларға – клиникалық психология, патопсихо- логия, нейропсихология мен сома- тикалық психология жатаы. М.п- ның психокоррекциялық жұмыста- ры психогигиена, психофармоколо- гия, психотерапия, психикалық реа- билитация салаларымен орайласа- ды. М.п-ның аса маңызды мәселеле- рінің арасында аурудың пайда бо- луы, оның өрістеуі кезіндегі психи- калық және соматикалық (денелік физиологиялық) процестердің өзара әрекеттестігі науқастың ауруы жай- лы дұрыс түсініктерінің қалыптасуы, ауруды дәрігердің емдеуге сенімділі- гі психологиялық әсерін, ықпалын қамтамасыз ету мақсатында зерттеу проблемалары бар.
М.п. мәселелері есте жоқ ерте за- мандардың өзінде-ақ ұлы ғұламалар- дың назарына түскен, Мәселен, Шы- ғыстың екінші Аристотелі Әл-Фара- би медицина саласында ерекше ғы- лыми трактат жазған. Оның бұл са- ладағы еңбектерінің ішінде бастыла- ры «Адамның дене мүшелері хақын- да», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер»,
«Түс көру туралы сөз», тағы басқа- лары. Осы айтылғандармен қатар оның «Медицина туралы ойлары», «Із- гі қала тұрғындарының көзқараста- ры туралы трактатында» да жан- жақты сөз болады. Осы еңбектерде ай- тылатын ойдың негізгі арқауы – адам нәтижелі еңбек етіп, дұрыс демалып, жақсы өмір сүру үшін тән саулығы- на ерекше көңіл аудару керек, яғни тәні саудың – жаны сау. Өзінің ме- дициналық пікірлерін ол жантану ғылымымен байланыстырып, өз тұ- жырымдарын осы ғылымның негіз- гі принциптерінің айналасында өрбі- теді. Ол «Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі» деген ең- бегінде былай дейді: «Тәнді емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда, – өмірді ұзартатын болса, жанды ем- деу онан да жақсы нәтижеге жеткізу- ге тиіс». Ұлы ғұлама науқасты ем- дейтін дәрігер біріншіден, адамның психологиялық, әсіресе физиология- лық әрекетіне, дене мүшелерінің (аяқ,қол,көз, құлақ т. б.) атқаратын қыз- метіне ерекше мән беруі тиіс. Екінші- ден ол дәрігер адамның күнбе-күн- гі тіршілігінде организмнің саулы- ғымен, тәнді қалпына келтіруге қолда- нылатын шараларды білу керек. Үшін- шіден, ол аурудың түрлерін білумен қатар оның себептерін, әсіресе кесел- ді жоятын жолдарды білуге, орга- низмдегі аурудың әрекетін бақылау- ға қабілетті болуы. Төртіншіден, дә- рігерге сау және сырқат мүшелердің айырмашылықтарын айқындау, оның басты белгілерін білу, сондай-ақ іш- кі мүшелерді де зерттеу қажет. Бе- сіншіден, тамақтану режимін, дәрі- дәрмекті (фармакология) қолдану жолын және дәрілердің ерекшелікте- рін, олардың әсерлілігін артыратын барлық құралдарды білу қажет. Ал- тыншыдан, ауру адамның денсаулы- ғын нығайтуға жәрдемдесетін ғылы- ми заңдарын білу, оны қолдану жол- дарын меңгеру керек. Сөйтіп жерле- сіміз жаратылыстану ғылымдары ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – ме- дицина туралы аса маңызды пікір- лер айтып бұл ғылымның деректерін адамның тіршілік қажеттеріне пай- далануды қарастырған, ол медици- налық мәселелерді психология ғылы- мымен жақындастыруды ерекше мақ- сат тұтқан. Оны Шығыс әлемінде ме- дициналық психологияға байланыс- ты тұңғыш сындарлы пікір айтқан ғұлама деуіміз орынды.
Мақал-мәтелдерде денсаулық мәсе- лесіне катысты ой-пікірлер де көп- теп кездеседі. Халқымыз: «Денсау- лық – зор байлық», «Әуелгі байлық – денсаулық…», «Басы аманның малы түгел», «Тәні саудың жаны сау», «Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме, жаныңда жарық болса, зарлымын деме», деп денсаулық адамға өмір- лік серік, жанның жақсы болуы тән- ге байланысты екендігін, адам тәні- нің байлығын ешнәрсемен теңестіру- ге болмайтынын дұрыс тұжырымдай- ды. Тазалық – денсаулықтың шарты деп халқымыз мұның маңызын жақ- сы түсіне білген. «Тазалық – ден- саулыққа кепіл», «Тазалық – саулық негізі», «Саулық – байлық негізі»,
«Аурудың алдын ал», «Күтінгенге кәрілік жоқ», «Сынықтан өзгенің бә- рі жұғады», деп келетін мақал-мәтел- дерде тазалық денсаулықтың негізі екендігі, ол адамды аурудан сақтай- тындығы, аурудың алдын алу ауы- рып сырқамаудың жолы екендігі ес- кертіледі.
Денсаулық үшін дұрыстап тамақта- нудың, гигиеналық талаптарды дұ- рыс сақтаудың маңызы зор. Бұл жөнінде халқымыз былай дейді: «Ас – адамның арқауы», «Ас – адамның қуаты», «Тағам тән семіртеді; ақ ті- лек жан семіртеді», «Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады»,
«Ас тұрған жерде ауру тұрмайды». Осы түйіндер ас адамның өсіп-өнуі- нің, организмнің жақсы жұмыс іс- теуінің негізгі тірегі, басты шарты. Жақсы тамақтанудан тәнмен қоса жан да толысып, өсіп-жетіледі, дәмді тағам адамның тіпті жан қайғысын басуға да себін тигізеді деген тамаша ой аңғарылады. Тамақтың жеткілік- сіздігі мен құнарсыздығы адамның көңіл күйіне әсер етіп, оның жұ- мыс қабілетінің нашарлауына соқты- ратыны белгілі. Мәселен, «Үйінде асы жоқтың, көңілінде хошы жоқ»,
«Ашаршылықта жеген құйқаның дә- мі кетпес», «Аштық ас талғатпайды», «Аштың ақылы тамағында»,
«Қарны ашқанға қара талқан майдай көрінеді», «Аш адам тұрып өлмейді, жүріп өледі», деп халық дұрыс тамақтану адамның тек көңіл күйіне ғана әсер етіп қоймай, оның аурудан тез айығуына да себепші болатынын, тамақтың шипалық қасиеті де күшті екендігін дұрыс көрсетеді. «Жаман ауруға жақсы тамақ та ем», «Ет етке, сорпа бетке».
Адамның күшті, ширақ, епті, оңтай- лы болып өсуі оның түрлі әдіс-тә- сілдерді, арнаулы жаттығуларды мең- геріп, кедергілерді жеңіп үйренуімен де тығыз байланысып жатады. Бұл жөнінде халқымыз: «Айлалы батыр алдырмас», «Айласыз батыр алды- рар», «Палуанның жаманы шалдыр- ған соң өкінер», «Ерлік – білекте емес жүректе», «Алып та халықтан үйренеді», деген ма-қалдарда жеңіс тек білекте ғана емес, әдісқойлыққа да, айлалылыққа да, шеберлікке де қатысты, әдіс-тәсілді жасаушы да, алыпты туғызушы да, алыптың ұста- зы да – халық деген тамаша ойлар тоғысып жатыр.