МАҚСАТТЫЛЫҚ (психологияда) – адамның өткендегі тәжірибе- сіне сүйеніп, білгілі бір іс-әрекетті (қабылдау, ойлау, белгілі бір мақсат- қа бағытталған қимыл-әрекеті және т.б.) орындауға дайын болуы, көңіл күйінің бір нәрсені қабылдауға бе- йімделуі. Қабылдаудың, адамның қимыл-әрекеттердің басымдылығы- на қарай ол сенсорлық және моторлық болып бөлінеді. М. ұғымы алды- мен эксперименттік психологияда пайда болды. 1888 жылы орыс пси- хологі Н.Н.Ланге (1858-1921) реак- ция уақыты адамның бейімділігіне байланысты екенін дәлелдеп берді. М. терминін неміс психологтары Г.Мюллер мен Ф.Шуман енгізді. М. ерекшеліктері әр адамда әрқилы бо- лады. Мақсаттылықтың тұрақты бо- луы – оның маңызды ерекшелігі бо- лып саналады. М. адамның жас ерек- шеліктеріне де байланысты.