МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

Фольклордың негізгі саласының бірі болып табылатын мақал-мәтелдерде адам жанының небір нәзік сырлары: ерлік пен батырлық, достық пен ын- тымақтық, жауыздық пен зұлымдық, ақыл-ой, ерік-қайрат сияқты іргелі мәселелерімен қатар қазіргі психоло- гия ғылымында кездесетін ұғымдар- дың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес, ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т.б.) сан қырынан сөз болған.

Мінез мәселесі көп заманнан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәнді тақырып. Мақал-мәтелдерде де осы мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Он- да мінездің түрлі бітіс-бейнелері әр қырынан сөз болады. Мәселен, «Елің еміренсе, сен тебірен», «Тереңнен тапқан кен қымбат, Тебірене сүйген ел қымбат», «Отаның – алтын бесік»,

«Отан оттан да ыстық», «Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмай- ды», деген мақалдарда туған Отан адамға аса қымбат, елін, жерін сүйе білу әр адамның азаматтық борышы, («Отан үшін еңбек етсең, халық сені құрмет етер», «Халық үшін қызмет етсең, созған қолың көкке жетер»), Отаншылдық – адам мінезінің аса бір жақсы сапасы, деп үйретеді ма- қал-мәтелдер. Отанды сүю, оны жау- дың шабуылынан қорғау – әрбір аза- маттың абыройлы борышы, ел қор- ғау жолында ерлік жасап, ел-жұртты, Отандастарын қорғаған адамдарды халық  мақтан  тұтып, ардақтайды.«Отан үшін отқа түссең  күймейсің»,

«Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме», «Жауды аяған – жаралы» деп халық жастарды досқа мейірімді, жау- ға қатал болуға тәрбиелейді. «Елін сатып асаған, екі күн ғана жасаған»,

«Опасызда Отан жоқ» деу арқылы мақалдар туған елін, Отанын сатқан опасыздың психологиясын көрсету- ді ойлаған. Халық өз ұрпағын прин- ципшілдікке, шыншылдыққа баули- ды да, өтірік айтып күн көру өмір еместігін, өтірікпен адам алысқа бара алмайтынын  («Айтсаң  сөзіңде тұр»,

«Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құй- рығы бір-ақ тұтам»), адамның кейбір ұнамсыз қылықтары – мақтаншақ- тық, бөспе т. б. өтірік айтуға себепші болатындығын айтып, өтірікшіні на- шар мінезді адамның қатарына жат- қызады да («Мақтаншақтық өтірік айтқызады, өтірік көңіл қайтқыза- ды»), мұның адамға абырой әпермей- тініне, кісінің қадір-қасиетін түсі- ретініне ерекше тоқталып кетеді. Мәселен, «Өтірікшінің шын сөзі – зая» деп, халқымыз мұндай адамның жұртқа қадірі болмайтынын; оның сөзіне ешкім иланбайтындығын, оған сенім болмайтынын ескертеді.

Халықтың ежелден қастерлеп келе жатқан абзал қасиеттерінің бірі – адалдық пен шыншылдық. Адалдық – сөз бен сенім бірлігі, сөздің іске қай- шы келмеуі. Адамның осындай асыл қасиеттері жөнінде мақалдар тө- мендегіше тебіренген. «Адал түбі – кеніш, арам түбі – реніш», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаз- дырмайды». Мақалдар адалдық пен арамдықты осылайша салыстыра оты- рып, бірінің зияндылығын, екіншісінің жақсы қасиет екендігін, бұл еке- уінің бір жерге сыйыспайтындығын айтады. Шыншылдық – адалдықтың синонимі іспеттес айрылмас серігі. Осы қасиеттің маңызы жөнінде де халқымыз аз айтпаған. «Сыр – шы- мылдық; шындық – айна», «Қылыш басыңа  төнсе  де,  жалған айтпа»,

«Шындық үшін көрге кірсең де, бе- тіңнен қайтпа», «Жауды әдіспен, досыңды шындықпен жең», деген- мақалдар шыншыл адам әділет үшін өмірін де қия алады, ол әділ, қара қылды қақ жаратын адам, оның ойы да орамды, іс-әрекеті де ақылға сы- йымды болатындығын айтады. Әділ сыншы болу үшін де, айтылған сын- ның нысанаға дәл тиюі үшін де шын- дық аса қажет. («Әділ кісі өзіне қат- ты, өзгеге – тәтті», «Шешендік күші шындықта», «Сын айту үшін шын айт»), «Сырты бүтін, іші түтін», бос- қа көлгірситін адамдарда адалдық пен шыншылдық сияқты асыл қасиет- тер тұрақтап орын теппейтіндігін де халық даналығы жұртқа ескертіп отырған.

Мақал-мәтелдер қарапайымдылық пен кішіпейілділікті де адамның ең жақсы мінездері деп есептеген. «Бе- тегеден биік, жусаннан аласа», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Кішіпейілді- лік – кісі көркі», «Тәлімнен әдеп жақ- сы» дейтін мақалдардың кішіпейіл- ділік адамның табиғи көрінісі болуы тиіс, сонда ғана ол сүйкімді, ажарлы мінез көрінісі болады деген идея жақ- сы аңғарылады. Ал, «Қолы ашықтың жолы ашық», «Жомарт бергенін айт- пайды», «Батыр айтқанынан қайт- пайды» деген мақалдар адамның жақ- сы мінез көрінісінің бірі. Жомарт адам біреуге жақсылық еттім деп жар салып, айқайламайды, ол кішіпейіл де, қарапайым. Адам мінезінің ен- ді бір тамаша сипаты – достық. На- ғыз достық мақал-мәтелдерде ерек- ше қастерленген. «Адамның тұзды- ғы – арасындағы достығы», «Досың- нан сырыңды жасырма, дұшпанға шыныңды айтпа», «Досы көпті жау алмайды», деген мақалдарда достық- тың жалпы маңызы айтылса, енді біреулерінде («Қайғың болса досыңа бар, дос көтерер көңілді», «Есептескен дос болмайды», «Досың жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»), деп нағыз достықты әр қырынан си- паттайды.

Мақал-мәтелдерде  адам  мінезін екі

үлкен топқа бөліп, оны синтездей көрсетушілік басым келеді. Бұларда жақсы адамның психологиясы пиғы- лы жаман адамға қарсы қойылып, бұл екеуі бір-бірімен салыстырылып отырылады. Мәселен, жаман мінезді адам  онда  былайша сипатталады.

«Жаман  қорыққанын сыйлайды»,

«Жаманның  намысы болмайды»,

«Қазан қолыңды кірлейді, жаман жүзіңді кірлейді», «Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді». Жаман адам – ез, намыссыз, ол ісі түскенді, не қорыққанын ғана сыйлайды, мі- нін көрмейді, оғаш қылығын басқа- дан көруге тырысады, шамасы келсе сағыңды сындырады, менмен болып, бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды»), жамандық туа бітпейді, ол өнегесіз ортадан, нашар тәрбие- ден пайда болады, («Адам туа жаман емес, жүре жаман»).

Жақсы адам қайда жүрсе де береке-

лі, беделді, инабатты келеді.  Соңғылар жөнінде «Жақсыға тең жоқ», «Жақ- сы  көпке  тәуір, дана елге  бауыр»,

«Жақсының басына іс түссе ашынар да, ашылар», «Жақсымен сөйлессең қуанасың»,- дейді халық даналығы. Халқымыз қашан да өз ісіне есеп бе- ріп, өзін де, өзгені де әділ бағалай білген адамдарды қастерлеген, кісі- нің өзін-өзі тәрбиелеуіне ерекше кө- ңіл бөлген. Осы идеяны мына ма- қалдардың мазмұны жақсы көрсетіп тұр: «Өзін-өзі түсінген дана, өзін-өзі жеңген қаһарман», «Ортаңа қарап өзіңді таны», «Өз ақылын шамалаған қор болмас», «Өзім білемін деген өр- ге баспас», «Өзім білем деген жігіт- тің басына ойран салғаны», «Өзім білем деген өлер, көп біледі деген күлер», «Өзім білем» деп өзеуреу нашар қасиет. Басқаның кемшілігін айтып түзету үшін мұндай кемшілік- тен алдымен өзің азат болуың  керек.

«Өзгенің мінін білгенсін, өзіңде мін болып жүрмесін», «Өз қатесін көр- меген, кісінің қатесін сезбейді», «Өзің- ді ер білсең, өзгені шер біл», «Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш та- былар», деп өнегелілікке баулып отырған халық өз ұрпағын.

Мақал-мәтелдерде әр халықтың өзін- дік әдет-ғұрып, дәстүр салты, ұлттық мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері мен көңіл күйлері, ерік-жігер қа- сиеттері, алуан ойлары мен талап- тілектері, бір сөзбен айтқанда, оның әлеуметтік психологиясы тамаша бейнеленген.

Тәлім-тәрбие, оқу-білім, адамның жас кезеңдері, қоғамдық өмірдің сан қи- лы жақтары мен қым-қиғаш қай- шылықтары, мұндағы әр түрлі топтар, жеке адам мен коллектив арасындағы қатынастар да мақал-мәтелдерге арқау болған.

Мәселен, мақалдардың бір тобында («Көптің ойы – көл», «Халық қар- таймайды», «Кеппе тентек болсаң да, көпке тентек болма». «Көптен бақыт құтылмас») адамға қажетті барлық игіліктерді жасаушы – халық, еңбекші бұқара; қандай керемет адам болса да көптен, халықтан бөлек жүріп өнімді ешнәрсе жасай алмайды, адам- дар бір-бірімен байланысып, тіршілік еткенде ғана өз қажеттерін, алға қой- ған мақсаттарын ойдағыдай орындап отырады деген сындарлы пікірлер аңғарылады.

Адам психологиясының қалыпта- суында ынтымақтасқан еңбек әре- кетінің алатын орны да ерекше еке- нін халқымыз жақсы түсінген. Мә- селен, «Жалғыздың ісі өнбейді», «Көп еңбегі көлмен тең», «Көп еңбегі пәр- менді», «Көп еңбегі көңілді», деп келетін мақал-мәтелдерде көппен қоян- қолтық, бірлесе еткен еңбек қана адам- ға зор қуат беріп, оның қажеттерін өтеп, психикасын байытатыны, жал- ғыз кісінің өндіргені тамшыдай бол- са, көптің өндіретіні дариядай бола- тыны айтылған.

«Еңбек – ең негізгі тәрбиеші» деген идея осы топтағы мақалдардың негіз- гі арқауы. Мәселен, «Еңбек ширата- ды», «Еңбек-адамның екінші ана- сы», «Еңбектің көзін тапқан, байлық- тың өзін табады», «Қолы қимылда- ғанның аузы қимылдайды», «Еңбегі- мен ер мүсінді», «Еңбек мұратқа жет- кізер», деген айшықты сөздердің мә- ні мынада: еңбек ету зор адамшылық қасиет, іс-әрекетсіз бос жүру адам- шылыққа жатпайды, кісіні даңққа, мұратқа, бақытқа жеткізіп, ер атандыратын да, оның тұрмыс жағдайын жақсартатын да, сана-сезімі мен ақыл- ойын байытып, нұрландыратын да еңбек, сондықтан, «еңбексіз күн өт- кізу – ерсілік».

Қазан төңкерісіне дейін халқымыз- дың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Кейінірек олар кәсіптің басқа түрлерімен де (егіншілік, балық, аң аулау т. б.) айналыса бастады. Бұл жөнінде де мақал-мәтелдер қызық- ты пікірлер айтып, байсалды түйін- дер түйген: «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір», «Жылқы мал- дың қасқасы», «Мал жақсысы – сиыр»,

«Ексең егін, ішерсің тегін», «Егін ексең тыңға, шықтым дей бер шың- ға», «Қырман басы береке», деп ке- летін мақалдар жоғарыда айтылған тұжырымға жақсы дәлел. Кәсіпті же- те меңгергенде ғана еңбектің береке- лі, нәтижелі, жемісті болатындығы, бұлардың адам психологиясын қа- лыптастыруда алатын орны жөнінде дұрыс пікір айтылады. Мәселен, «Он кәсіпті шала білгенше бір кәсіпті жақсы біл», «Еңбек те ептілікті ті- лейді», «Еңбекке бейім болсаң қата- рыңнан кейін болмассың», деген ма- қал-мәтелдерде әр істі бір бастап, аяқтамай тастап кете беру, айналыс- қан кәсіпке жете мән бермеу, оған жеңіл-желпі қарау адамды енжар, жал- қау ететіндігі, әрбір жұмыстың өзі- не тән тәсілін, әдісін дұрыс меңгер- генде, соған бейімделгенде, ептілік пен әрекет еткенде ғана еңбек өзінің шын мәнісіне ие болатындығы сөз болады.

Халық әр кәсіптің өзіндік ерекше- лігін де көре білген, бұлардың мәнін өзінше талдап, түсіндіруге тырысқан. Мәселен, «Қой семізі қойшыдан»,«Жақсы қойшының қозысы түлеп тұрғанда, жаман қойшының құнан қойы жүдеп тұрады», «Ат шаппайды, бап шабады», «Жаман қойшы жай- лауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді», «Күтусіз мал желден азады, күтімді мал жем- мен озады», «Қыстың қырық түрлі қыры бар, күтінбесең қыста малың қырылар», «Анық шаруа арығын ай- налдырар семізге» деген мақалдарда мал бағудың оңай шаруа еместігі, оның да өзіне тән ерекшелігі, бұл кәсіппен шындап айналысқан адам- ға табиғат құбылыстарының құпия- сын жақсы білу, байқағыштық, қы- рағылық, қатыгез табиғатқа қарсы тұра білуге қажетті табандылық, шы- дамдылық сияқты қасиеттердің көрік- тілігі, малды тек бағып қана қоймай, әр түліктің бабын, «тілін» таба білу қажет екендігі айтылады.

Егіншілік кәсібі жөнінде де қызықты деректер бар: «Егіннің жайын еккен білер», «Егініне қарай қырманы, күтіміне қарай түсімі», «Жақсы жыр- тып жеріңді, кезінде ексең егінді, алар- сың мол өнімді», «Тілін білсең тіл- дей  жерден  жылдық  өнім аласың»,

«Әрбір топырақ аяласаң иеді». Осы айтылғандардан еккен нәрсенің бәрі өзінен-өзі шыға бермейтінін, оны күту керектігін, егіннің бітік болуы диқанның белгілі тәжірибесін, маң- дай терін қажет ететіндігін меңзейтін идеяларды жақсы байқауға болады. Мақал-мәтелдерден балықшының психологиясы жөнінде де қызықты деректер табуға болады. Мәселен, «Ба- лық аулай  алмаған суды  ылайлар»,

«Балықтың құйрығы жылмағай, оны аулаған  адам  тынбағай», «Балықшының үйдегісі май ішеді, түздегісі қан ішеді», деп халық балық аулау кәсібі- нің қиындығын, теңіз толқындары- мен арпалысудың кез келген адам- ның қолынан келе бермейтіндігін, ол үшін батырлық, батылдық керектігін айтады.

Халқымыздың отырықшылыққа кө- шуіне байланысты пайда болған соң- ғы екі кәсіп, мақал-мәтелдердің, кө- бінде қосақтаса сөз болып отырады. Мәселен, «Балықшының үйіне бар- саң қарма жерсің, егіншінің үйіне бар- саң жарма жерсің», «Балық бәсін бе- реді, егін есесін береді», «Егінші жыл- да арманда, балықшы күнде арман- да», «Егінші жерін мақтайды, балық- шы көлін мақтайды», деген нақыл- дардан бұл екі кәсіптің әрқайсысы- ның өзіне тән ерекшеліктері мен қа- сиеттерін және соларға сәйкес оны- мен айналысушы адамның өзіндік ерекшеліктерін (егінші тәжірибені жылда жинаса, балықшыкүнде жи- найтындығы, әркімге өзі шұғылдан- ған жұмыс ғана сүйкімді болатын- дығы т.б.) көрсететін топшылаулар- ды байқаймыз.

Халқымыздың аңшылық жөніндегі мақал-мәтелдерінен аңшының пси- хологиясы белгілі болып тұрады. Мәселен, «Шын аңшының алдына аңның өзі келеді», «Аңды я көрінбеген атады, я ерінбеген атады», «Құстың алғанынан салғаны қызық», «Қаршы- ға қанжыға қызартады», «Ителгі етек былғайды», «Ителгінің қызығына қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің» дейтін нақыл сөздерде бүркіт, қаршы- ға, тұйғын, лашын, ителгі, қырғи сияқты тағы құстарды томағалап, тұ- ғырға отырғызу, оларды тазыға қос кеукеулеп аңға салғанның қызығы мен қатар қиындығы да мол нәрсе екенді- гі айтылған.

Халық даналығы адамның тағдыры қоғаммен шарттас, экономикалық жағдай адамның моральдық-психо- логиялық өзгешеліктерінің түрліше бөліп қалыптасуына әсер етеді, әлеу- меттік теңдік жоқ жерде біркелкі пси- хологиялық сипат болмайды деп дұ- рыс тұжырымдайды. Мәселен, «Тұр- мыс түзер бойыңды, бойың түзер ойыңды», «Артық байлық адамды аздырады», «Кедей мен бай жолдас болмас», «Дүниеқор – дүниенің құ- лы», «Пара жеп би семіреді», «Бай бауырын танымас», «Сауда достықты танымас», «Теңгелі жерде теңдік жоқ», деген мақал-мәтелдерде бай мен кедейдің жүрер жолының бір емес- тігі, байлар мен билердің және олар- дың сойылын соғатындардың өле- өлгенше дүниеге кезі тоймай, байыған үстіне байи түскісі келетіндігі, бұл жолда адамгершілік ар-намыс, ұят- ожданнан жұрдай болып, қаталдық, мейрімсіздік т. б. осы секілді жағым- сыз қасиеттерді бойына жинай түсе- тіндігі сөз етіледі.

Мақал-мәтелдер еңбекші бұқараға да күн туатындығын («Өмір кезек», «Таң атпайын дегенмен күн шыққанын қоймайды», «Батар күннің атар таңы бар», «Жарлы бойы жазылар, байлар- ға көр қазылар» т.б.) еске сала, «Ер- теңгі тауықтан бүгінгі жұмыртқа жақ- сы» дегендей болашақтан босқа үміт- теніп жүре бермей, үстем тап өкілде- ріне қарсы «бір жеңнен қол, бір жа- ғадан бас шығарып», бел шешіп, білек түрініп белсене күресу керектігін, іштей кіжінгенмен, істің бітпейтінді- гін («Кіжінуің көп, килігуің жоқ») айтса, енді бір жерде: «Айрылған аза- ды, қосылған озады», «Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», «Бір- лік болмай тірлік болмас», «Ырыс алды ынтымақ», «Біріккен жүз быты- раңқы мыңды алады», «Күш – бір- лікте», деп елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып, езілген таптың бірігуі керектігін («Табы бірдің ары бір») көпшілік ат төбеліндей азшы- лықты жеңбей қоймайтындығын ес- кертеді. Мақал-мәтелдер, сондай-ақ, үстем тап өкілдерінің біріне-бірі жәр- демдесіп отыратынын айтады. («Шош- қа да шошқаны жармайды», «Қарға қарғаның көзін шұқымас»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *