ЛУРИЯ АЛЕКСАНДР РОМАНОВИЧ

ЛУРИЯ АЛЕКСАНДР РОМАНОВИЧ  (19021977)  – медиц.ғ.д. психол. ғ.д., КСРО Педагогикалық академияның толық мүшесі, әлемдік нейропсихологияның негізін салу- шылардың бірі. Л.С.Выготскийдің аса көрнекті серігі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары тарихи-мәдени тео- рияның қоғам тыныс-тіршілігінен қалайша көрініс беретінін байқау үшін ғылыми экспедицияны басқарып Өз- бекстан  мен  Қырғызстан дихандар арасына барып, зерттеу жүргізген. Мұның нәтижелері «Таным процес- терінің тарихи дамуы туралы» (М, 1974) атты жеке кітап болып жарық көрді. Оның Ұлы Отан соғысы ке- зінде басталған зерттеулері жоғары психикалық функциялардың ми ал- қаптарындағы локализациясы (орна- ласуы), мидың зақымдануын қалпы- на келтіру мәселелерімен ойдағыдай ұштасты, нейро-психологиялық кон- цепцияны жасауға алып келді. Ол әлемдік психология ғылымында ней- ро-психологиялық диагностикасы мен әдістемесін, дефектологиялық пси- хологияның іргетасын қалады. Өмі- рінің соңғы жылдарында еске тұ- тудың нейропсихологиясы мен ней- ролингвистиканың мәселелерін зерт- теумен шұғылданды. Оның көп- теген шәкірттері (Хомская, Цветкова т.б.) нейропсихология мен нейрофи- зиологиядағы әлемге әйгілі Лурия мектебін дамытып келеді. Оның ең- бектері көптеген шетел тілдеріне ау- дарылған. Негізгі еңбектері: «Речь и интеллект  в развитии  ребенка» (1927),

«Травматическая афазия» (1945), «Вос- становление функции мозга после военной травмы» (М, 1948), «Выс- шее корковые функции человека» (МС, 1962), «Мозг человека и пси- хические процессы» (М, 1963), «Ос- новы нейропсихологии» (М, 1973) и др.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *