ЛОГОТЕРАПИЯ – психотерапия- ның В.Франкл талдап-тұжырымдаған теориясы мен практикасы. Ло- готерапия тұлғаның мінез-құлқын- дағы және оның дамуындағы негізгі қозғаушы күш адамның өз өмірінің мән-мағынасын іздеу мен жүзеге асыруға ұмтылысы болып табыла- тынын негізге алады. Өмірдің мән- мағынасының болмауы немесе оны жүзеге асырудың мүмкін еместігі адамда экзистенциялдық вакуум жә- не экзистенциалдық фрустрация кү- йін тудырады; бұлар селқостық, то- рығу, өмірге деген ықыластың бол- мауымен, сондай-ақ іштей ширығу- ды барынша азайтуға тырысушылық- пен байланысты неогендік невроз- дар деп аталатындардың себебі бо- лып шығады. Логотерапияның прак- тикасы адамның өз өмірінің ғайып болған мән-мағынасын қайта табуы- на көмектесуге бағытталған. Өмір- дің мән-мағынасының басты негізде- рінің бірі – доготерапияда – діни се- нім болып табылады. Сонымен қа- тар дін мән-мағынаның мүмкін бо- ларлық бірден-бір негізі емес; бұл проблеманы дінге сенетін адамда да, дін ұстанбайтында да бірдей табыс- ты түрде шешуі мүмкін. Өмірдің бірегей мән-мағынасын немесе нақ сол функцияны атқаратын жалпыла- ма құндылықтарды пациент үш сала- ның біреуінен: шығармашылықтан, біз өзіміз өзгерте алмайтын жағдай- ларға қатысты көзқарас тұрғысынан ұғына отырып қабылдаудан және оны бастан кешіруден табуы мүмкін. Логотерапия практикасында негізгі әдіс сократтық диалог әдісі болып табылады және ол тән сипатты нео- гендік невроздар терапиясы кезінде қолданылады. Логотерапияда, сон- дай-ақ фобиялар мен жабыспа күйлерді емдеуге арналған парадокстық интенция әдісі мен жыныстық нев- роздарды емдеуге арналған дереф- лекция әдісі талдап-белгіленген. Бұл әдістер Л. алғышарт ретінде негізде- летін адамның іргелі онтологиялық сипаттамаларына: өзін оқшаулап қа- шықтату қабілеті мен өзіндік транс- ценденция қабілетіне орайласты- рылады.