ЛЕСГАФТ  ПЕТР ФРАНЦЕВИЧ

 

ЛЕСГАФТ  ПЕТР ФРАНЦЕВИЧ (1837-1909) – орыстың аса көрнекті ғалымдарының бірі, медицина, био- логия, дене тәрбиесі, педагогика, пси- хология ғылымдарының көптеген мәселелерін зерттеуге елеулі еңбек сіңірген белгілі қоғам қайраткері. Ол гимназияны бітіргеннен кейін Петербургтегі Медико-хирургиялық академияға түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Оның дүниеге көзқарасы орыстың революционер-демократ- тары Герцен, Белинский, Чернышев- ский, Добролюбовтардың материалис- тік философиясы мен орыс физиоло- гиясының  атасы И.М.Сеченовтың физиология, психология саласын- дағы еңбектері негізінде қалыптас- қан еді. Ғылым адамына тән қарапа- йымдылығы, зор лекторлық қабілеті мен ұстаздық өнегесі оны өз замандас- тарына әйгілі етті. Лесгафттың өз хал- қына қалтқысыз қызмет еткенін көр- сетерлік мысалдар көп. Ол елдегі ағар- ту жұмысын өркендетуге белсене қатысты. Әйелдердің білім алуына ерекше көңіл бөлді. Жұмысшыларға арнап кешкі курстар ашты.

Лесгафт ғылымның әр саласынан зор мағлұматы бар адам еді. Мысалы, оның анатомия ғылымы саласында- ғы пікірлері, дене тәрбиесі, психоло- гия, педагогика, гигиена ғылымда- рындағы теориялармен тығыз байла- нысып жатыр. Ол жастарды тәрбие- леуде психология ғылымының ерек- ше маңызын айта келіп, бұл ғылым- ның педагогика мен педагог үшін, медицина мен дәрігер үшін, психиат- рия мен психиатр үшін аса қажетті екенін атап көрсетті.

Адамның жеке басының жан-жақты жетіліп қалыптасуы үшін тәрбиенің, әлеуметтік ортаның шешуші рөл ат- қаратындығын Лесгафт ғылыми тұр- ғыдан түсіндіреді. Ол жеке адамның қалыптасуында тұқым қуалаушылық елеулі орын алады дейтін теорияға сын көзімен қарады. Бала іштен қайырым- ды, адал немесе қатал, өтірікші, атақ- құмар, мансапқор, екі жүзді, жәдігөй т.б. қасиеттермен тумайды. Бұл жағ- дай әртүрлі тәрбиеден туады деп, Лесгафт жүйелі дене тәрбиесі адам- ның жарасымды дамуына, яғни оның ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеті- нің қалыптасуына тиімді әсер ете- тіндігіне ерекше тоқталады. Ол дұ- рыс жүру мен жүгіре білу, қарғу мен секіру, т.б. осындай қимыл-қозғалыс- тар адам тәнінің сұлулығымен қатар ақыл-ой парасатының артуына да ықпал жасайтындығын айтады.

«Баланың ақыл-ой тәрбиесі және оның маңызы» деген еңбегінде оның ақыл-ойы мен денесін, мінезін қалып- тастыруда ата-ананың өнегесі, бала- ның жеке басын қадірлей білу, төзім- ділікке баулу жөнінде айтқан пікір- лері ерекше бағалы. Ол мектеп жа- сына дейінгі балаларды тәрбиелеу- дің жолдары туралы құнды пікірлер айтты. Автор кішкентай балалардың әрнәрсеге еліктегіш, білуге құмар ке- летіндігін, аса бақылампаз болатын- дығын, адалдығы мен аңғалдығын жан-жақты баяндап берді.

Лесгафт психологиядағы темпера- мент теориясына елеулі үлес қосқан- дардың бірі. Оның пікірінше темпе- рамент қан сауыттарының жуан-жі- ңішкелігіне, олардың қозғалғышты- ғы мен жүріс-тұрыстың баяулығы- мен байланыстырған.

Негізгі еңбектері: «Отбасындағы ба- ла тәрбиесі, оның маңызы» (СПб., 1885), «Мектеп жасындағы балалар- дың дене тәрбиесі» (СПб., 1888), «Пе- дагогикалық шығармалар жинағы» (М., 1951), т.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *