ЛЕОНТЬЕВ АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ (1903-1979) – Кеңес Одағының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас» теориясының авторы ретінде белгілі психолог. Мәскеу университетінің қоғамдық ғылымдар бөлімін (1924) бітіріп, психология институтында және коммунистік тәрбиелеу Акаде- миясында қызмет атқарған. Л.С.Вы- готскийдің ең жақын қызметтестерінің бірі болған. 1931-1935 жж. Харь- ковта жұмыс істеп, 1932 ж. профес- сор атағына ие болды. 1941 ж. Мәс- кеу университетінің профессоры, пе- дагогика ғылымдарының докторы. 1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжі- рибені қалпына келтіру госпиталінде ғылыми жетекшілік қызметін атқар- ды. 1945-1950 жж. Ресейдегі ПҒА- ның Психология институтының бала- лар психологиясы бөлімін, 1945 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінің психология кафедрасын, 1963 ж. фи- лософия факультетінің бөлімін меңгер- ді. Сол университетте 1966 ж. оның ұйымдастыруымен психология факуль- теті ашылды. 1950 жылдан Ресейдің ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуын- дағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив- тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым. Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931),
«Қимыл-қозғалысты қалыпқа келті- ру» (1945), «Психика дамуының очер- кі» (1947), «Іс-әрекет, сана, тұлға» (1975) т.б.