Иман келтіргендерге шипа, һидаят жəне рақым

  1. Иман келтіргендерге шипа, һидаят жəне рақым

(Мұхаммед ғ.с.) егер оларға мұғжиза келтірмесең, олар: «Оны өзің  неге жасамадың?» – дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын» де. Осы Құран иман келтірген елге Раббыларыңнан ашық дəлелдер. Сондай-ақ тура  жол əрі мəрхамет». (Ағраф, 203)

Ей, адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүрек тегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол жəне рахмет (рақымшылық) түрінде Құран келді.

(Юныс, 57)

Қиямет күні əр үмбеттің ішінде өздерінен бір айғақ əкелеміз. (Мұхаммед ғ.с.) сені осы үмбетке айғақ қылып келтіреміз. Сондайақ саған əр нəрсені ашықтайтын жəне мұсылмандар үшін тура жол, игілік əрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік. 

(Нахыл, 89)

Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нəрселерін анықтауың жəне иман келтірген ел үшін тура жол əрі игілік түрінде ғана түсірдік.

(Нахыл, 64)

Құраннан мүміндерге шипа жəне рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі.

 (Исра, 82)

Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ, Раббыңның мəрхаметі. Сондықтан  қарсы  болғандарды  сүйемелдеме!

(Қасас, 86)

Күдіксіз, бұл Құран мүміндер үшін анық тура жол əрі игілік.

(Нəміл, 77)

Тура жол, мəрхамет жақсылық істеушілер үшін. Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ақыретке толық сенеді.

(Лұқман, 3-4)

Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дəлелдер жəне нақ сенген елге жетекші əрі рахмет (рақым, рақымшылық).

 (Жасия, 20)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *