Ең соңғы шақыру – ең соңғы уахи

Ең соңғы шақыру – ең соңғы уахи

Сендерге өлексе, аққан қан, доңыз еті жəне Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар жəне жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Жəне тігілген тасқа (бұтқа) арнап бауыздалған мал əрі оқтар арқылы талай сынауларының (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың – бұзықтық. Бүгін иман келтірмегендер діндеріңнен (тосудан, тыюдан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым жəне нығметімді тəмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнəға ауытқымаса (жеуге болады.) Шəксіз, Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(Мəида, 3)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *