Анық əрі түсінікті тілде

(

Анық əрі түсінікті тілде

(Мұхаммед ғ.с.) Құранды ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді ескертуің үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік. 

(Мəрям, 97)

(Мұхаммед ғ.с.): «Ол сендерге егжей-тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?» (де) Жəне сондай Кітап бергендеріміз, ол (Құран)-ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, əсте күдіктенушілерден болма.

 (Əнғам, 114)

Сөйтіп, Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас, Аллақалағанын  тура  жолға  салады.

(Хаж,16)

Алла сендерге аяттарын ашық баян қылады. Əрі Алла толық білуші, аса дана.

(Нұр, 18)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *