Адамдарға үгіт
(Мұхаммед ғ.с.) «Куəлік тұрғысынан қай нəрсе үлкен?», – де. «Мені мен сендердің араларыңда Алла куə жəне маған осы Құран, сендерді сондай-ақ, кімге жетсе, соларды қорқытуым (ескертуім) үшін уахи етілді. Сендер Алламен бірге басқа тəңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?», – де. «Мен куəлік бере алмаймын! Шынайы түрде, Ол–жалғыз Тəңір. Күдіксіз, мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де.
(Əнғам, 19)
Расында, ол Құран тақуалар үшін бір насихат..
(Хаққа, 48)
Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін.
Əрі ақыл иелері үгіт алсын.
(Ибраһим, 52)
Расында, бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен, олардың жиреніштерін ғана арттырды.
(Исра, 41)