Құран ғылымдары
Қырағат ғылымы
Құранның бастапқыда əр тайпаның өз диалектісінде еркін оқуы нəтижесінде бірнеше оқу түрі, қырағаттар пайда болды. Олардың ішінде он қырағат түрі көбірек танылған. Ол қырағат түрлерінің ұстаздары мыналар:
1. Нафи› Əл-Мəдəни (ө. 169 хижра бойынша)
2. Абдуллаһ б. Касир Əл-Мəкки (ө.125 хижра бойынша). Тəфсірші Исмайыл б. Касирмен шатастырмау қажет ө. 774 хижра бойынша .
3. Əбу Амр б. Алə Əл-Басри (ө. 154 хижра бойынша)
4. Абдуллаһ б. Амр аш-Шами (ө. 118 хижра бойынша)
5. Асым б. Аби ан-Нажуд Əл-Куфи (ө. 127 хижра бойынша)
6. Хамза б. Хубейб Əл-Куфи (ө. 156 хижра бойынша)
7. Али б. Хамза Əл-Кисаи Əл-Куфи (ө. 187 хижра бойынша)
8. ƏбуЖағфар Язид б. Əл-Ка’ка’ Əл-Мадани (ө. 130 хижра бойынша)
9. Яқуб б. Исхақ Əл-Хадрами Əл-Басри (ө. 205 хижра бой ын ша )
10. Халəф б. Хишам Əл-Басри (ө. 229 хижра бойынша )
Түрлі қырағаттардың болуының себебі Хз. Мұхаммед өзіне келген түрлі тайпа өкілдеріне Құранды оларға оңайлау болсын деп өз диалектісінде үйрететін. Он қырағаттың ішіндегі жетеуі ең кең таралғандықтан жеті қырағат деген ұғым бар. Жеті қырағат кейде жеті диалекті деп те аталады.[19]
Сонымен қатар Құран араб тілінің грамматикасы мен көркем əдебиетінің стандарт өлшемі саналады əрі араб тіліндегі өзге əдебиеттердің тілінің дұрыстығы мен əдеби құндылығын анықтайтын өлшеуіш Құран болып табылады. Себебі Құран тілі мен мазмұны, əдеби көркемдігі мен өзге де ерекшеліктері бойынша араб тілінің ең үздік м