Құран тарихы
Исламдағы дəстүрлі сенім бойынша Құран Алла тағаланың құзырынан біздің əлемге Қадір түнінде түсіріліп, Жəбірейіл періште оны жақын аспаннан жер бетіне жиырма үш жылда бөлік-бөлік жеткізіп отырған. Алла тағала: «Сондай-ақ қарсы келгендер: «Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?» деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны үзіп-үзіп анықтап оқыдық» (Фұрқан, 32);
«Біз Құранды адамдарға тоқырап (тоқтап) оқуың үшін бөлім дерге айырып, аз-аздап түсірдік» (Исра, 106), – дейді. (Əл-
Итқан, 1/73)
Хз. Мұхаммед пайғамбар бастапқыда оқу-жазу білмегендіктен, оны өзінің (əл-кəтиб\əл-куттəб) деп аталатын жазушы сахабаларына жаздыратын. Құранның қағаз бетіне түсірілуі Хз. Мұхаммедтің көзінің тірісінде, тіпті сонау Мекке дəуірінен бас тау алатыны жөнін де сенімді деректер бар. Солардың бірі ретінде əйгілі халифа
Омардың алғаш мұсылмандықты қабылдауы кезінде қарындасының үйінен Құран жазулы парақты көргендігі жайын дағы сенімді хадистерді атауға болады. Сондай-ақ Мекке дəуірінде пайғам бары мыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) Абдуллаһ бин Сағд бин Əби Сарх атты кəтибі болғандығы белгілі. Бұдан өзге Құран ның көптеген жерінде Құран «Əл-Китəб» деп аталады. Оның мағынасы «жазулы, жазба, мəтін» дегенді білдіретінін ескерсек, мұны Құранның жазылуының қажеттілігіне Алладан келген бір меңзеу деуге болады. Шүбəсіз, Хз. Мұхаммед мұны дəл осылай деп біліп, Құранды алғаш түсуінен бас тап жаздыра бастаған. Бұл жайын да түрлі деректерде келтірілетін, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қырыққа жуық кəтибінің болуы мұны қуаттайды. Пайғамбардың кезінде жауырын сүйектерге, қағаздарға, тақтайларға, теріге жазылып отыруын уахидің əлі түсіп бітпегендігімен байланыстыру керек. Алайда, Құранның айнақатесіз сақталуы тек қана соның арқасында ғана емес, атап айтсақ, хафиз (Құранды жатқа оқушы) сахабалардың мұндағы рөлі өте айқын. Құранды жатқа оқыған хафиздардың ең басында əуелі Хз. Мұхаммед пайғамбар келеді. Сахабалар есіне түсіре алмаған жерлерін пайғамбардан келіп сұрайтын. Пайғамбардың Құранды жаттауы тек қана жаттау қабілетімен ғана емес, Алланың тікелей демеуімен болды деуге толық негіз бар. (Мұхаммед ғ.с. Құран уахи етілген сəтте тездетіп оқуға тырысқан). «(Ей, Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. Шын мəнінде, оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. Сонан соң оны түсіндіру Бізге міндет» (Қиямет сүресі, 16-19).
Пайғамбарымыздың көзі тірісінде Құраннан түсінбегенін мұсылмандар тікелей пайғамбардан сұрап білетін. Алайда оның (с.ғ.с.) дүниеден озуынан кейін тым жылдам таралып бара жатқан Ислам дінінің киелі кітабын ретке келтіруге мұқтаждық туындады. Осылай Халифа Əбу Бəкір мен Омар (Алла оларға разы болсын) Зəйд бин Сəбит бастаған бір топ ғұламаға Құранның харакелері мен оқылу ережелерін бір арнаға түсіруді табыҚұранның VII-ғасырда стады. Қысқа мерзім ішінде тапсыржазылған қолжазбасы маны сəтті аяқтаған Зəйд бин Сəбит, əртүрлі қолдарда жүрген нұсқаларды жойып, Құранның заңды бір нұсқасын қалдырды.
Үшінші халифа Хз. Осман Құран мұсхафын бірнеше данаға көбейтіп, деректер бойынша ең аз дегенде алты, жеті немесе сегіз нұсқа жасатып, бірін өзіне қалдырды. Олардың бір нұсқасы Меккеге, бір нұсқасы Шамға, біреуі Куфаға жəне Басраға жіберіледі. Бір нұсқа Мəдинада қалып, енді біреуі халифаның өзіне қалады. Риуаяттар бойынша Осман халифа оны оқуды қатты ұнататын жəне көтерілісшілердің қолынан үйінде қаза тапқан кезінде дəл сол мұсхафты оқып отырғандығы айтылады. Құранның көне қолжазбалары, тіпті кей деректемелер бойынша Хз. Осман халифаның қаны жағылған нұсқасы əлі күнге дейін сақталып келеді.
Хз. Османның кезінде көбейтілген Құран мұсхафтарының кейбіреуі бүгінге дейін жете алмаған. Проф.Док. Исмайыл Хаккы Измирли (1869-1946), олардың арасынан Мəдина мұсхафы Язид бин Мұғауия кезеңінде, (64 х./683 м.) «Харра уақиғасында, Мекке мұсхафы (70 х./689 м.) жылы, ал Куфа мұсхафы (131 х./748 м.) жылы жойылып кеткенін айтады. Дегенмен олардың кейбірі, атап айтсақ үш нұсқасы бүгінге дейін жетіп отыр. Олардың бірі Стамбулдың «Топкапы» көрме сарайында, екіншісі Лондонда «İndia Offi ce» музейінде, үшіншісі Өзбекстанның астанасы Ташкентте. Орыс патшалық режимі дəуірінде оның факсимиляциясы мен репродукциясы (суреті мен көшірмесі) басылып шықты.
Аталмыш нұсқалардың мəтінін зерттеген Док. Хамидуллаһ (1908-2002), үш нұсқаның да қолданылған бояу, материал жəне жазу емлесі бір-біріне толықтай сəйкес келетіндігін айтады.