Құранның құрылымы

Құранның құрылымы

Құран əрқайсысының ұзындығы əртүрлі болып келетін 114 сүреден тұрады. (Ең қысқа сүре (Кəусар сүресі) 3 аяттан, ал ең ұзыны (Бақара сүресі) 286 аяттан құралған).[1] Сүре «бөлім» деген мағынаны білдірсе, аят «Тəңірдің белгісі» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, Құран Кəрім кітабы (Мұсхаф) теңдей отыз бөлімге бөлінеді. Мұны араб тілінде «жуз» деп атайды. Қазақша мағынасы «пара» (бөлім, тарау). Яғни  Құран  Кəрім  отыз  парадан  тұрады.

Құран Кəрімнің алғашқы түскен аяттары: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен (оқу-жазумен) үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нəрселерін үйреткен». (Ғалақ сүресі, 1-5). Бұл бес аят Хыра тауында Мұхаммед ғалейһис-сəлəмға: «Оқы!» деп алғаш түскен аяттар. Осы аяттармен басталып түскен Құран Кəрім қараңғылыққа  оранған  бұл  дүниеге  ілімнің  жарық нұрын  алып келді.

Құранның мұсхафтағы реті «Фатиха» (ашушы) сүресімен басталып, «Нас» (адамдар) сүресімен аяқталады. Он төрт жерінде тилəуəт сəждесін қажет ететін аяттар кездеседі. Яғни ол аяттарды оқыған адамның тилəуəт сəждесін жасауы қажет болады. Олар: (Ағраф, 19/58; Рағыд, 13/1; Нахыл, 16/50; Исра, 17/107; Мəриəм, 19/58; Хаж, 22/18; Фұрқан, 25/60; Нəміл, 27/25; Сəжде, 32/15; Сад, 38/24; Фуссилəт, 41/37; Нəжім, 53/62; Иншиқақ, 84/21; Ғалақ, 96/19) сүрелерінде кездеседі. Бұл аяттарды оқыған кезде тилəуəт сəждесін жасаудың қажеттілігінің себебі, аталмыш аяттарда адамзатқа Аллаға сəжде жасауы бұйырылады. 

Құранның тоғызыншы сүресінен өзге барлығы «Мейірімді, Қамқор Алланың атымен» аятымен басталады.

Сүрелер Құран мұсхафында кейбір жағдайларды есепке алмағанда, негізінен түсу хронологиясына орай емес, ұзыннан қысқаға қарай көлеміне қарап орналастырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *