Құранның Ислам дініндегі алатын орны

Құранның Ислам дініндегі алатын орны

Ислам дінінде Құран – əр адам баласының Жаратушысымен, өзөзімен жəне өзі өмір сүріп жатқан қоғаммен қарым-қатынастарын реттеуі үшін Алла тағаланың Өз елшісіне түсірген заңнамасы іспеттес. Алла тағала Құранда: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол жəне (ақ пен қараны) айыратын дəлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден  кім рамазан  айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла  сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Əрі Алланы ұлықтаңдар», – дейді (Бақара, 185). Ол пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Қияметке дейін өз мəні мен күшін  жоғалтпайтын  мұғжизасы, ғажайып теңдессіз  кітап болып табылады.

Құран Кəрімнің жалғыз қайнар көзі Жаратушы Алла тағала. Құранда мұны білдіретін  көптеген  аяттар бар. Алла тағала: «Расында, Біз оны Қадір түнінде түсірдік» (Қадір, 1);

«Егер адамдар мен жындар бірігіп, бұл Құранға ұқсасын құрастыруға тырысса, оған ұқсасын жасай алмас еді, тіпті бірінбірі көмекке  шақырса  да!»  (Исра, 88), – дейді.

Құран өзінен бұрын тəңірден түскен, алайда адамдар дың қолынан өзгеріске ұшыраған Тəурат, Інжіл секілді киелі кітаптардағы қателіктерді дұрыстап, кем тұстарын толықтыру үшін түсірілді. Құранда: «(Ей, Мұхаммед ғ.с.) «Саған шынайы түрде Құранды өзінен  бұрынғы кітаптарды растаушы жəне оларды қорғаушы түрінде түсірдік» делінеді (Мəйдасүресі, 48). Құран  бір сөзбен  айтқанда   Жаратушы  тағаланың адамзат үшін қалайтын дін жолының ең соңғы əрі ең кемел нұсқасы болып табылады. Алла тағала: «Бүгін діндеріңді  толықтастырдым жəне нығметімді тəмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін  қоштап ұнаттым», – дейді.  (Мəидə сүресі, 3).

Құран оқу үшін дəрет алу жəне азғырушы  шайтаннан Алланың панасына сыйыну қажет. Сондай-ақ  оның пенде сөзі емес, Жаратқанның сөзі екендігін терең түсіне отырып, мағынасына ой жүгірте отырып  оқу  керек. Құранның  түсірілу себебі  де осы:

«Əлде олар Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы  ма?» (Мұхаммед, 24).

Құранға  иман келтірген адам оның бұйрықтарын күші жет кені нен бастай отырып орындауы керек. Құранның тыйым салғандарынан қашық болып, оның бұйырғандарына асық болу мұсылманды екі дүниеде де бақытқа жеткізеді. Ал одан теріс айналып, алыстау мəңгілік бақытсыздыққа апарады. Құранда: «Олардан бұрын қаншалаған нəсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстары  себепті оларды жоқ еттік те, олардан кейін  басқа нəсіл жараттық» (Əнғам, 6);

«Осы (Құран) Біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер əрі сақсыныңдар. Мəрхаметке бөленерсіңдер», – делінген

(Əнғам, 155).  

Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисі бойынша адамдардың ішіндегі ең жақсылары Құранды үйреніп, оны басқаларға да үйреткендер.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *