Құраннан бір бет
Құран тəфсирі
Құран тəфсирі жайындағы білім жеке ғылым саласы ретінде X ғасырда Мухаммад Əт-Табари сынды ғұламалардың бастамасымен дами бастады. Оның артынша осы салада негізгі сілтемелік еңбектерді Ибн Əбу Хатим, Ибн Мəжə, Əл-Хаким секілді ғалымдар жалғастырып əкетті.
Кейінгі ғасырларда тəфсир өзінше үлкен ғылым саласына айналып, бірнеше түрлі тəфсир бағыттары пайда болды;
Тілдік тəфсир, мəзһаптық тəфсир, тасауфи тəфсирлер, философиялық тəфсирлер, фиқһ тəфсирлері, риуаяттық жəне дираяттық тəфсир, бүгінде оған жаңа дəуір тəфсирі қосылып отыр.