Құрандағы математикалық ғажайыптар

Құрандағы математикалық ғажайыптар

Құранның   бүгінге дейін анықталған мұғжизалық ерекшеліктерінен тыс математикалық дəлдік ерекшелігі де бар. Мұның дəлелі Құранда қайталанып келетін кейбір сөздер. Олар тек қайталанып қана қоймай, асқан дəлдік пен таң қалдырарлық тепе-теңдікте қайталанады. Мысал берер болсақ:

«Жеті көк» тіркесі 7 рет айтылады, «көктердің жаратылуы (халқус-сəмəуəт)» сөзі де 7 рет кездеседі.

«Күн (йəум)» жекеше түрінде 365 рет айтылса, оның көпше түрі «күндер» (яғни əйиəм мен йəумəйн) сөздері дəл 30 рет қайталанады. Ал «ай» сөзінің қайталануы болса 12 жерде кездеседі.

«Иман» сөзі жалаң түрінде бүкіл Құранда 25 рет айтылған, «күпір» сөзі де…

«Зекет» сөзі 32 рет қайталанады, «берекет» сөзінің қайталануы да 32.

«Рахым» (рахматун) сөзі 79 рет қайталанады, «һидаят» сөзі де 79 рет.

«Жақсылар (əбрар)» 6 рет өтсе,  оның керісіншесі «жамандар (фəжир)» сөзі екі есе аз, 3 рет кездеседі.

«Жаз-ыстық» сөздері мен «қыс-суық» сөздерінің қайталануы теңдей: 5 рет.

«Сендерді  жаратты»  тіркесі  мен  жаратылуымыздың  мақсаты болып табылатын «құлшылық» сөзі бірдей, 16 рет қайталанады.

«Шарап (хамр)» жəне «мастық (сəкəр)» сөздері теңдей қайталанады: 6 рет.

«Байлық» 26 жерде айтылса, «пақырлық» оның тең жартысынша, 13 рет айтылады.

«Адам» 65 рет қайталанады.; Адамның жаратылыс кезеңдерінің қайталану санының қосындысы да 65-ті құрайды:

Топырақ (тураб)                                  17

Тамшы су (нутфа)                               12

Ембрион (алақ)                                    6

Бір шайнам ет (мудға)                         3

Сүйек (ғизам)                                      15

Ет (лахм)                                              12

Барлығы                                             65

Қиянат сөзінің қайталануы 16 рет жəне сəйкесінше арсыздық «хабис» сөзінің  қайталануы да 16.

«Өсімдік» сөзі мен «ағаш» сөздерінің қайталануы теңдей: 26 рет.

«Жаза» сөзі 117 рет қайталанса, Құранның негізгі принциптерінің бірі болып табылатын «кешірім» сөзі дəл екі есе көп, яғни 234 рет қайталанады.

«Былай де!» сөзін санайтын болсақ 332 рет қайталанғанын көреміз, «олар былай дейді» сөзі де 332 рет қайталанады.

«Дүние» сөзі мен «Ақырет» сөздерінің  қайталануы да бірдей: 115 рет.

«Шайтан» сөзі Құранда 88 рет айтылады, «Періште» сөзінің қайталануы да

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *