ҚҰЛЖАНОВА НӘЗИПА (1887-1934) – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен қазақ әйелдерінің ара- сынан тұңғыш әлеумет өмірінде кө- рінген кісінің бірі. Ол өткір журна- лист, педагог-тәлімгер, екі тілде бір- дей жазатын аудармашы, Шығыс ең- бекші әйелдерінің І-съезін ұйымдас- тырушылардың бірі, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің мү- шесі еді. Ол 1902 жылы Қостанай- дағы қыздар гимназиясын бітірген соң Торғайдағы қыз балалар учили- щесіне мұғалімдікке тағайындалады. Н.Құлжанова 1904-1919 жылдар ара- сында Семейдің мұғалімдер семина- риясында оқытушы болып жұмыс іс- тейді, 1920-22 жылдары Ақмолада әуелі мұғалім, кейіннен уездік комитетте жауапты қызмет атқарады, одан соң Орынборда, 1923-1925 жылдары «Қы- зыл Қазақстан» журналының жауап- ты хатшысы, ал 1925-1929 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде редколлегия мүшелерінің бірі,
«Әйел теңдігі» журналының бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хат- шысы қызметтерін атқарады. Оның тәлім-тәрбиелік пікірлерi медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл жәйт «Бала күтімі», «Баланың өмірі- не күн сәулесінің әсері», «Таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары», т.б. мақалаларынан жақсы байқала- ды. Автор жаңа қоғамның белсенді құрылысшыларын тәрбиелеуді жөр- гекте жатқаннан бастауды ұсына ке- ліп, өзі түйіндеген тұжырымның түп негізі «Тәні саудың – жаны сау» дей- тін халық даналығына саяды.
Құлжанованың ұстаздық, тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның бірі – 1923 жылы Орынбор- да шыққан «Мектептен бұрынғы тәр- бие», екіншісі «Ана мен бала тәр- биесі» (Қызылорда, 1927).
Қазақ қоғамы жағдайында жас ұр- пақты тәрбиелеудің ғылыми астар- лары әлі де болса айқындала қойма- ған кезде Н.Құлжанованың осынау тың жатқан істі өзіне зор міндет, басты проблема етіп көтеруі – оның асқан батылдығы да, бала тәрбиесі- нің сан-салалы шараларын көрсете алатын біліктілігінде еді. Аталмыш еңбектерінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олар- дың отандық және шетелдік үлгі- лерін сөз етумен бірге қоғамдық орта- дан тәрбие алатын баланың жас ерек- шелігіне қарай, оның қоршаған ор- тасының ықпал-әсерінен туындай- тын психологиялық өзгерістерді ке- ңінен баяндайды.
Ғалым-педагог баланың жан тәрбие- сіне әр жас кезеңінде әртүрлі тәрбие беру керек екенін айта келіп, үш жасар баланың психологиясын былай сипаттайды: «Үш жасар бала бір ты- ным жоқ «басты қатырады» деп ше- шесі зарлайды. Үш жасар бала істі өзі орындағанды жақсы көреді. Өзім істеймін деп араласады. Сұрамайтын сөзі жоқ, неге бұлай? Ол өзі ұстап байқағанды жақсы көреді. Кісіні шар- шатады. Ат болады, түйе болады. Шешесі болып ойнайды, тағы да басқа ойын дүниесіне кіріседі… Үш жа- сардың сөзінің түбі жоқ. Айтқанды тыңдауға, тынымсыз, сөзбен жағалас жүреді… Нәрсенің бәрін білгісі ке- леді… Тапқан заттарының бәрін ойын қылады… Ойын – оның шын тірші- лігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қы- зықты ғана көзіне түсіп, ықылас тар- тады…».
Бұдан 70 жыл бұрын айтылған осы- нау психологиялық сипаттамалар- дың қазіргі ғылыми психология айта- тын түйіндерден ешбір айырмашы- лығы жоқ, өресі биік, сындарлы ой- пікір екендігіне шүбә келтіруге бол- майды.
Н.Құлжанова қазақ отбасыларында мектепке дейінгі бала тәрбиесінде орын алып келе жатқан кейбір кем- шiліктерді көрсетеді. «Жас балаға үлкендер тыныш отыруды бұйырады. Үйге қамап қояды. Шамасынан ар- тық қызмет тапсырады. Қазақ қызда- рын үйге отырғызып қояды. Балалар далаға шығып, басқалармен ойна- ғысы, қозы қуғысы келеді. Үлкеңдер өз еркімен жүргісі келген балаға зор- лық жасайды… Баланың өзіне кере- гін істетпей, «адам болмайсың» деп ұялтады… Онан білгенінің көбіне кө- ңіл бөлмейді… Бала ойнақтаған құ- лын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі керек».Қазақ баласының психологиялық ерекшеліктерін жазбай танитын ол ересектер мен бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне айрықша мән береді. Бұл жөнінде ол былай дейді: «Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей «мазамды алма» деп, үнемі баланың бетін қай- тару арқылы оның сол білімге құмар- лығының негізін жоғалтып жіберуге болады», – дей келе автор, бала ойы- ны тану, білу құмарлығымен ұшта- сып жататындығын ескертеді.
Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағу- дың тиімділігін айтады: «Жараты- лыстың, – деп жазды ол, – өз дү- ниесінде, даланың кеңшілігінде шыл- пылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын- шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көк- орай шалғын, тоғай арасында сай- раңдап жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей тегіс өсіп, өркендемек». Ол осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын ең- бек ету, жан және дене мүшелерінің машықтары бала әдетіне төңіректе- гінің бәріне еліктегіш, тал-шыбықтай икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп қалады», – дейді автор. Ойын бала- сының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі, оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табы- латындықтан осы кезеңдегі тәлім- тәрбиеге ерекше мұқият қараудың ма- ңыздылығына тоқталады.
Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәр- биенің басты бағыттарын «Тән сау- лығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Нәрсенің түр-түсін тану»,
«Дененің қимылын түзету», «Шебер- лігін көтеру», «Баланың білімін арт- тыру», «Бала тілінің шеберленуі»,
«Еңбекке машықтандыру», «Әдемілік сезімін көтеру», «Мейірімділік әдет- терін көркейту», «Көпшілік және еңбек», т.б. осы іспеттес тақырып- тардың психологиялық мән-мәнісі айтарлықтай.
Н. Құлжанованың еңбектерінде Қа- зан төңкерісінің қарсаңындағы көш- пелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыт- тағы ауыл мен қала өмірінің шынды- ғынан алынған нақты көріністер ай- қын байқалады. Ана мен бала тәр- биесі, әсіресе баланы мектепке тәрбие- леу жайындағы методикалық құрал- дар төл тiлімiзде әлі күнге дейін тап- шылық етеді. Сондықтан да аталған еңбектер бұдан жарты ғасырдан астам бұрын жарық көрсе де, қазіргі кездегі қазақ оқырманының жүрегіне жылы тиіп, қолдан түспесі хақ.