ҚҰЛЕКЕҰЛЫ ШАЛ (1748-1819).Шал Құлекеұлының бізге жеткен шығармаларының дені – импровиза- ция – суырып салма түріндегі өлең- дер. Өзінен бұрынғы ақын, жыраулар- дай Шал да бұл жерде ерен жүй- рік болған. Кезінде Шал жырла- рының халық арасында кең тарауы, оның есімінің жұрт аузында сүйіс- пеншілікпен аталуы жыраудың арда- гер, азамат – ақын болғандығын бай- қатады. Шал ақын шығармаларын- да адам өмірінің көптеген мәселеле- рі: бұл дүниеде өмір сүрудің мәні, қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың көңіл күйі, мінез бітістері, олардың адамгершілік сипаттары т.б. сөз болады.
Әрине, Шал өлеңдерінде де ислам дінінің мотивтері жиі ұшырасады. Ол мұсылманша сауатты, діни қағи- даларға біршама жетік, өз заманы үшін білімдар адам. Бірақ ақын әрбір сө- зін құдай, пайғамбар атымен байла- ныстыра бермейді, өйткені, оның не- гізге алатыны адам игілігі, яғни адам- гершілікке қатысты мәселелер.
Адамгершілік моральді жырлаған ақын өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қоз- ғайды.
«Жақсыдан шарапат; жаманнан кесепат» дегендей мұның бәрі сайып келгенде адамдардың бір-бірімен қатынасынан туындайды. Шал жақ- сылықты ту етіп, оны мадақтайды, жамандықты жерлеп, шенеп-мінейді, ондайларды жұртқа жиіркенішті көр- сетуге тырысады. Ақын өлеңдерінде адамдарды түрлі әлеуметтік типтерге бөлу, олардың өзіндік психология- лық портреттерін көрсету біршама дұрыс шыққан. Мәселен, ақынның адамдардың жас мөлшеріне орай бер- ген сипаттамаларын, әсіресе, жас- тық-жігіттік шақтың ерекшеліктерін көрсету ерекше көңіл аударарлықтай. Ақын шығармаларында жігіттің «құр жан», «тірі жан», «жігіт жан» деген типтері жайлы сөз болады. Мәселен,
«құр жан» деп аталатын жігіт – кеу- десінде әйтеуір жаны болғаны бол- маса, өнер білімнен жұрдай, керенау, кердең, жалқау да, қанағатсыз, істе тындырымсыз біреу. Мұндай адам- дарды уайым-қайғы, қуаныш көңіл толғантпайды, олар қырсық, кесепат атаулыдан құтылудың жолын із- демейді, өмірден мархабат, қызық та- ба алмай өтетін де осылар. Бұл жө- нінде ақын: «Ақылы жоқ надандар, Іс бітірмес жамандар, Жүз болса да бірмен тең…» деу арқылы кең дүние- ні тарылтқан, адамның тепсе-темір үзетін, тауды қопаратын шағында, қолынан іс келмейтін қуыс кеуде, бос белбеу, бойда күш-қуаты жоқ, әрі-сә- рі біреулердің келеңсіз тірлігіне қат- ты қынжылады.
Ақын жігіттердің екінші бір тобын кеуделерінде тек тірі жаны барлар деп атайды. Бұлардың да оңып тұр- ғаны шамалы. Сөйте тұра мұндай- лар шамасына қарамай менмен, өркө- кірек, тамақсау, сәнқой, жатып ішер жалқау, тоғышар келеді. Осы типте- гі жігіттер жайлы Шал ақын былай дейді: Тір жан дейтін, Бар тапқанын киім мен асқа сатар, Жақын көрген досын жатқа сатар, Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, Әркімді бір сықақ қылар…
Ақын толғаныстарында жігіттіктің буына мас болып, жастық шақтың бойға сыймас асау күшін қайда сый- ғызарға білмей, адамгершілік сыр- сипаттан алшақ жатқан, тек құр тірі жүргеніне мәз желөкпелер қатты ке- лекеленеді. Бұлар рухани тіршіліктен аулақ, байлық пен бақтың мансабы- на мас, тоғышар, асыл арманы мен анық мақсаты жоқ, қажыр-қайрат пен ерік-жігердің не екенін білмей- тін қуыс кеуделер. Ақын осылайша адамдардың нашар мінез бітістерін көрсету арқылы жақсы мінез-құ- лықтың жұртқа үлгі боларлықтай эта- лонын ұсынады да; жастарға былай- ша кеңес береді: Жігіттер жау алмайды ақылды алсаң, Білгішке көп біле- тін жақындасаң; Қарап жүрген кісі- ге адам тимес, Сабыр деп өз бойың- ды мықты ұстасаң…
Ақын бойға біткен шыдамсыздық адам мінезінің ең нашар жағы дей- ді. Өйткені бұдан өкінерліктей істер туындайды. Ал: шыдамсыздық өзім білемшілдікпен тоғысатын болса, он- да адамның халінің мүшкіл болға- ны. Мұндайларда басқадан кеңес алу, жұрттың ақылын тыңдау деген- дер атымен болмайды, олардың ар- ман-мүддесі, тіршілік-тырбынысы күйкі, бәсеке, бақ аясынан аспайды. Бұл жөнінде жырау: Жігіттер сақта- ныңыз жаман достан… Тістескен жау- дан адам сақтанады, Тиеді достың оғы қапылыстан… Шал түсінігінде жаман дос адамды орға жығылды- рады, сондықтан досты дұрыстап таңдай білу керек. Жаман дос ар- намысты; адамгершілікті сатып кету- ден тайынбайды, тіпті, қас дұшпан- нан жалған дос жаман. Ол жемежем- ге келгенде сені жау қолына тастау- ға, жаныңды жаһаннамға жіберуге әзір тұрады. Ол дос парызын түсіне қоймайтын аңқау, аңғал жан емес, қайта түлкідей жылмаңдаған; барып тұрған екі жүзді қу, алаяқ адам.
Ақын түсінігінде осындай жаман адамдардың енді бір белгісі біреудің сыртынан өсек тарату, жалған сөз сөйлеу, не ел қамқоры, игі жақсы- лардың ізгі ісін күндеп, көре алмау- шылығы. Бұл жөнінде: Өзі жаман жақсыны көре алмайды, Сыртынан ғайбат айтып атады тас. Мұндай жан- ның әдеті осы деп біл, Өзіне дос таба алмай жинайды қас…дейді. Ақын дос пен дұшпан арасын жақсы ажырату қажет, («басыңа жазатайым бір іс түссе, дос пен дұшпан абайланар») ал кейбір жігіттерде жақсының сөзін тыңдау, оларға еліктеу деген атымен жоқ деп күйзеледі. Қарт жыраудың осы ойларын оқып отырғанымызда біздің қазіргі кейбір жастардың бойынан кездесіп қалатын нашар көріністер мен жағымсыз қылықтарға бар ашу- ызамен қарауға тура келеді. Осы жайт ақын пікірлерінің қазіргі заман жастары үшін де қатысты тәрбиелік мәні бар екендігін аңғартады. Жаман сол жақсы сөзді ұға алмаса, Ғалым болмас ұстаздан дұға, алмаса, Молда есімін алғандар толып жатыр, Не ке- рек ғылым бойға жұға алмаса.
Осы жолдар жас кезде шама келген- ше оқу мен өнерге молынан сусын- дау қажет, өйткені жастықта не болса да бойға оңай және тез енеді деген идеяны паш етеді. Ақын «жігіт жан» – деп аталатын жастардың мінез-құл- қын дәріптейді, оларды жұртқа өне- ге етеді. Шебер сөйлей білу, салиқа- лы билік айту, жұртты ауызға қара- ту, сөз қадірін білетін, от ауызды, орақ тісті, жез таңдай шешен болу, жақсы жігіттердің басты қасиеті. Ақын орынсыз жерде сөзуарлыққа салынған, құрғақ ауыз сөзшеңдерді қаламайды.
Ол «аңдамай сөйлеген ауырмай өле- ді» дегендей, ойланбай сөйлеуден адам кейде өз басына пәле де тілеп алады деген ойды еске салады. Ой- лансаң мың бір пәле тілден туған, Ше- шендер топ ішінде тілді буған. Бір адам қателікпен сөз сөйлесе, Жабы- лып мың бір пәле соны қуған… Ақын түсінігінше шешен жігіт суырып сал- ма, қара қылды қақ жаратын әділ, сөзі мірдің оғындай жұртқа дұрыс төрелік айта алатын, әртүрлі сыннан сүрінбей өтетін болуы тиіс. Мұндай- лар қайда жүрсе де сыйлы болады, топ- қа оңай сіңеді, олар билікті, байлық- ты мұрат етпейді, мешіт салып, зекет алатын молда болуды да аңсамайды. Жақсы жігіт эстетикалық талғамды, көрікті өмірді, жомарттықты қалай- ды. Оның бойындағы басты қасиет- тер – өнерлілік, зиялылық, парасат- тылық. Осы жөнінде Шал ақын: Жақ- сының жүрген жері той болады, Ақыл жоқ кей адамда бой болады. Көрме- ге қандай жаман болса дағы, Парасат кей шаһбазда ой болады…дейді.
Осы үзіндіден парасаттылық бойға, көрікке байланысты емес, тіпті, кө- руге түрі қораш адамдардың ішінде де жаны жайсаң адамдар болады дей- тін тұжырымды байқаймыз. Ізгі жақ- сылардың басты белгісі – рухани дүниесінің байлығы, көрген-білгені- нің молдығы; ойлауының орамды- лығы мен ақылының кеңдігі. Жақсы адамның тағы бір басты қасиеті – біреудің еңбегін жемей өзінің маңдай терін төгіп, еңбек ете білу: …Жақсы адам біреудің хақын жемес, Жақсы- мын деп біреудің хақын жесе, Жаман адам сол болар мақұл деме… Сөйтіп, Шал жастардың кейінгі ұрпаққа үл- гілі іс, аталы сөз қалдыр, жақсы бо- лып халыққа көбірек пайдаңды тигіз, ең негізгісі қайда жүрсең де істе тын- дырымды бол, дейді.
Жырау көпті көргендердің, өнегелі адамдардың жастар тәрбиесіндегі роліне ерекше мән береді: Жақсы ағаңыз бар болса, Алдында сары бел- мен тең… Алдыңда үлгілі, өнегелі ағаң болса, оны сыйла, құрметте, тілін ал, үйрен, дейді ақын. Майда бол жігіт болсаң тал жібектей, Жарамайды қатты болу тікенектей, Білімің болсадағы ұшан-теңіз, Пайда жоқ өз хал- қыңа қызмет етпей… Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей, Пайдаңды жақ- сы болсаң тигіз көпке, Жатырқап еш адамды сыртқа теппей, Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп, Қаша гөр жамандықтан аулақ беттей…
Ақын жастарға еңбек ет, мал бақ, еңбегіңнің қызығын, бейнетін көре біл, еңбек барлық адамға – байға да, жарлыға да, әйел-еркекке де бірдей табиғи қажет нәрсе дейді. Елгезек, еңбекшіл адам мұратына жетпей қой- майды, тек кеш жатып ерте тұрсаң ғана ісіңнен берекет табасың, ерін- шек, жатып ішер жалқау болсаң еш уақытта мақсатыңа жете алмайсың деген қағида ұсынады.
Ақын жоғарыда келтірілген шумақ- тарда жігіт адамның мінезінің «тал жібектей» майда, жайсаң кішіпейіл болғанын қалайды. Ол жас адамның аса білгір, өрен жүйрік, зерек, жұрт- тан озған болса да қарапайым, ілти- патты болғандығын, яғни халқына адал қызмет етуін қалайды. Шал ақын дүниенің қыры мен сыры мол, жұм- бағы көп, мұны білу үшін үздіксіз әрекет ету, маңдайдан тер төгілту ке- ректігін айта келіп, «біздің білетіні- міз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз» екенін, жақсы жігіттің ай- наласын толық танып білуі үшін көп еңбектенудің қажеттігін ескертеді.
Шал ақын халқымыздың «талапты ерге нұр жауар» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, талаптанған адам- ға қолы жетпейтін нәрсе жоқ және адамның қолынан келмейтін іс жоқ екендігін баса айтып, жастарды қа- жыр-қайраттылыққа, пәрменділікке, мақсаттылыққа, парасаттылыққа баулуды ойлайды. Ақын, сондай-ақ, адамның ойлаған мақсатына бірден жетпейтінін, бұл жолда ол небір «тар жол, тайғақ кешулердің» басынан кешіретінін, мақсатқа жетудің жолы ауыр жол екендігін жастардың зер- десіне құяды.
Ойшыл ақын «жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» деген идея- ның төңірегіне ой тастай келіп, көп үшін әрекет ет, көпке пайдаңды тигіз деп ұлағатты ақыл, кеңестер береді. Ол жақсы адамның жұртқа үйірсек келетінін, осындайлардан үлгі-өнеге алудың соншама маңыздылығын жырына қосады. Шал ақынның мұн- дай аталы сөздері өзінің маңызын ешқашан да жоймайды, осындай өне- гелі өсиетті сөздер қазіргі жастары- мыздың тәлім-тәрбиесіне де аса қа- тысты жайт.
Ақын барша түркі халықтарына ор- тақ тақырып, яғни адам өмірін жас кезеңдеріне байланыстыра сипат- тайтын бірнеше өлең жазды. Осыла- рының ішінде ол кәрілікті ерекше даттап, ол жастық дәуренді көзі жа- саурай тебіріне еске түсіріп жырлай- ды. Адамның түрлі жас кезеңдерін тамаша теңеулермен бергендіктен бұлары психологиялық жағынан аса нанымды, әрі тартымды. Мәселен, мұнда «елу – ердің жасы, алпыс – бір сұмдықтың басы, жетпіс-сексен – оттың қасы» деген сияқты мақал- мәтелге, тақпақ афоризмге ұқсас адамның дүниеге келген күнінен өмірінің соңғы кездеріне дейінгі ұзақ жолды тұтас сипаттайтын ойлы тү- йіндер көптеп кездеседі.
Шал толғауларында нәресте, бөбек, сәби бозбала психологиясының қалыптасу, даму ерекшеліктері хақын- да да салиқалы ой түйіндері кездесе- ді. Оның пікірінше адамдық қасиет- терге кісі бірден жетіліп, іштен ту- майды, балалық шақта сана-сезімді дамытып, өсіретін басты әрекет – ойын («Үш төрттен талап еттім асық жи- нап, жүгірдім жалаң аяқ жанды қи- нап»). Бір жаста, екі жаста бесіктемін, Бес жаста тәңірі берген нәсіптемін, Алты жаста қайыңның тозындай- мын, Жеті жаста ойпаң жер бозын- даймын, Он жасымда сүт емген қо- зыдаймын. Он бесте жарға ойнаған лақтаймын, – деген жолдардан бала сана-сезімінің даму жолы, бой мен ойдың қоса дамитындығы әржастың өзіне тән ерекшеліктері, әр түрлі іш- кі-сыртқы жағдайлар баланың жан дүниесін біртіндеп нәрлендіріп жаңа мазмұнға ие болып отыратындығы айтылған. Ақынның осындай жал- пылама тұжырымдары қазіргі психо- логия ғылымының қағидаларына он- шама қайшы емес.
Қазақ халқында келінге деген ілти- пат, оған деген зор құрметке айнал- ған. Қазақ халқы келіншектің бетін ашарда ол келген босағаның барлық қадір қасиетін баяндай отырып, аға- йын жекжаттың, туыс-қарындастың, ата-ененің, абысын-ажынның мінез- құлқындағы жақсы-жаман жақтар- дың бәрін тізіп айтып береді. Сөйтіп, халқымыз жаңа келген келіннен еш- темесін жасырмайды. Өйткені, келін осы үйдің бұдан былайғы тұтқасы, ерінің де, ата-енесінің де, бала-шағаның да әрі жәрдемшісі, әрі қамқоршысы. Жұрт беташар үстінде келінге үлгі етер барлық жақсы қылық, жайсаң мінездерді тәптіштеп үйіп-төгеді жаман қылықтарды шенеп-мінейді. Бір сөзбен айтқанда, беташардың өзінде де қазақ әйелдерінің қоғамнан алатын орны жақсы бейнеленген. Жақсы келіннің келуі бір үйдің, бір ауылдың ғана қуанышы емес бұл бүкіл рудың, елдің ортақ қуанышы. Халқымыздың келін түсіруге бай- ланысты бір кезде «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасау әдеті де болған. Бұл айтылғандардан да әйел бақытына деген көпшіліктің қуаныш махаббатын жақсы байқауға болады. Арғы-бергі қазақ тарихында келін түсіріп, қыз ұзатудан артық той- думан болған емес. Қазақта жақсы қыз тәрбиелеген ана әрдайым да ар- дақты. Халқымыздың «Анасын көр де қызын ал», «Аяғын көр де асын іш» деген мақалы қыз тәрбиесінің, ана мұратының қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы дәлелдейді.
Осы айтылғанға орайлас ортақ жайт- тарды Шал ақынның шығармалары- нан да көптеп кездестіруге болады. Мәселен, ақын бір өлеңінде: Қыз қы- лықты болар, Келін епті болар… Ая- ғын көр де асын іш деген сөз бар. Шешесін көр де қызын ал сол белгі- сі… Келін жақсы болса, үйіңе көп кісі келеді… деп ол жаңа түскен жақсы келіндердің портретін берсе, басқа бір жерде келіндердің ішінде де тәр- биесі нашар, қылығы сүйкімсіздері- нің де кездесетіндігін, бірақ оларды алғашқы күннен көптеп-көлемдеп (ата- ене, абысын-ажын т.б.) тәрбиеге ал- са, теріс мінезден ажыратуға бола- тынын еске салады. Нашар келіндер жайлы ақын былайша қынжылады: Келін шайпау болғаны оңбағаны… Көрмедің шыбын құрлы мені келін,Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп, Жаярмын талай жерге сені келін…
Әрине, Шал ақын қазақ әйелдерінің семьядағы рөлін шама-шарқынша реалистік тұрғыдан түсінгенімен олар- дың қоғамдағы орнын, әлеуметтік сипатын көрсете алмайды. Оның әйел туралы ой-пікірлері патриархалдық- феодалдық түсініктен онша ұзап кете қоймады. Дегенмен бұл «әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» дейтін кертартпа моральға аз да болса қар- сы қойылған, озық ойдың елесін бе- ретін, кейін Абай тұжырымдаған ас- қарға барар жолдағы кішкене тө- бешік, бел-белес тәріздес құптауға тұ- рарлық пікір еді.