ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ (1858-1937). Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық-әлеу- меттік, мәдени-әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абай- дың ұлттық нақышқа толы пәлсапа- лық-психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама. Шә- кәрім көптеген жан сыры туралы (көбісі өлеңмен жазылған) шығарма- лардың авторы. Ал, ән мен күй, музы- ка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе.
Шәкәрім шығармаларында адам- ның жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой-пікірлер көптеп кездеседі. Мәсе- лен, ақынның психологияға байла- нысты көзқарасын «Анық пен танық»,
«Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты» т.б. шығармаларынан кез- дестіреміз. Бұларда ғұлама адамдар- ға сыртқы дүниенің, қоршаған таби- ғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла таға- ла адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шы- ғады деп тұжырым жасайды. Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұ- рын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар айтып, Жақсы-жаман әр істі сол тексермек. Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағ- дайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді. «…Инстинкт – се- зімді жан, сознание – аңғарлық жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақыл- ды жан» дегендей әртүрлі қасиет- терді тізбектейді. Дене әр түрге түс- кен сияқты жан да өсіп, өніп, жоға- рылайды… толық терең ақыл адам- нан шығады… Совесть (ұждан) – жан- ның тірегі… ми, жұлын – жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді.
Ақын ми қызметі адамның сезім мү- шелерінің әрекеті арқылы іске асады дей отыра, кісінің ойға алған ісін жүзеге асыруы, оның әділетті, әділет- сіз болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі, ақыл мен жүрек- тің қызметі екендігін дәлелдегісі ке- леді. Сөйтіп, ол жанның миға бай- ланысты екенін мойындағанмен оның мәңгі-бақи өлмейтiндігіне сенеді. Осы- ған орай ол былай дейді: «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын… жанның барлығын, өлген соң да жоғалмайтындығына… қанып қалған әдет,… ақыл ісі ме?… Жан екі өмірде бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазар- та алмайды». Сондықтан ақыл мен жүректің жетегіндегі адам тіршілік- тері барлық нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топ- шылап ақылмен іс қылу, адамдық- тың басты парызы дейді.
Шәкәрім өзінің пәлсәпалық сипат- тағы ой-пікірлерін әрмен қарай жал- ғастырып, жер жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жара- тылыстың ішкі сырын ұғып-білуге ынтық, бірі дүниені жаратушы тәңі- рі – «күн» тіршілік күн нұрынан жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ» деп жар салады, үшіншісі – көп құ- дайға табынса, төртіншісі – міне, құ- дай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге ұмтылушылық, – дейді де, өз ойын, – нағыз тәңірі жолы – қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек ету, – деп түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай-ақ өлген жанның топы- раққа, өсімдікке нәр болып тіршілік- ке қайта айналып келуі табиғи құбы- лыс, бар зат мүлде жоғалып кетпей- ді, жоқтан бар пайда болмайды, тек заттың, құбылыстың түрі ғана өзге- реді, жан мен тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды: Тіпті кетпес еш жоғалып, Байқасаңыз бар- ша жан, Тағы дене тауып алып, Та- ғы өседі қайтадан. Түрлі жанда дене түрлеп, Өзгеріп тұр бұл ғалам, Жоға- латын нәрсе жоқ деп, Айтты ғылым байқаған.
Осы пікірлер оның тіршіліктің негі- зін ғылыми көзқарас тұрғысынан дә- лелдегісі келетіндігіне жақсы дерек. Ш.Құдайбердіұлы адамның жан дү- ниесінің дамып, қалыптасу жолын тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы тұрғысынан түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай ақын «Жәндіктен адам жаралған… айуаннан өсіп, болды қадам», – дейді. Сірә, ойшыл ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвин ілімімен жақсы таныс болса керек. Әсіресе, Шәкәрім жан мен тәннің ара қатынасы мәсе- лесінде дәйекті пікір айтады. Мәсе- лен, ол қандай жан болса да (жануар, адам) денемен, тәнмен байланысты болатындығын айта келіп, «жан тән- ге, ақыл жанға матаулы тұр» десе, енді бір шығармасында «дене сезімі- не нанба, дене, сезім түгел алдайды… бәрін де тапқан таза ақыл… бар ғы- лымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану… жан мен дене екі басқа», деп келетін ақын түйіндері жан мен тәннің байланысын көрсететін ғылы- ми-психологиялық тұжырыммен үй- леспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер ұстазы Абай тұжырымдарын тереңдете түскендей жәйтті байқатады. Егер бұ- рын-соңды қазақ қоғамдық-әлеумет- тік ой-пікірлердің даму тарихында жан мәселесі төңірегінде жалпылама пәлсапалық тұжырымдар айтылып келген болса, Шәкәрім «психология» терминін қазақ топырағында тұңғыш қолданғаны белгілі. Мәселен, ол бір шығармасында: «Жан сыры деп жа- зылған, психология деген пән», – де- ген тіркесті қолданып, оны ғылым- ның зерттеу объектісіне үңіледі.
Шәкәрімнің психологиялық пікір- лерiнің негізгі жүйесі, оның 1919 жы- лы қазақ тіліне тәржімаланған «Пси- хология» дейтін кітапқа жазған сын- пікірінен (рецензия) жақсы байқала- ды. Қолжазба түрінде оншақты бет- тік материалдың жекелеген үзiнділе- ріне назар аударатын болсақ, оның психологиялық көзқарастары жай- лы толығырақ мағлұмат алатынымыз хақ. «Тіршілік – жан туралы» деп ата- латын осы мақаланың жекелеген қи- сындары (тезистері) мына төменде- гідей. «Сонша білiмді адамдар әлі күнге дейін өзінің кім екенін анық- тап білген жоқ… Біз кім екенімізді білмек болып, жан тіршілігін тексере- тін «Психология» сияқты ғылыми кі- тапты оқысақ, жанның тіршілік сы- рын білмек түгілі миымызды қаты- рып, ол кітаптардан не ұғатынымыз- ды білмей аң-таң боламыз. Міне,
дәлел: қазақ тіліне аударылған пси- хология кітабын оқып қараңыз. Тір-
шілік басынан бар. Бірақ ол тіршілік- тің бізге анық сезілетін кезі де бар, сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі: дүниенің қандай күйде, қандай түрде болғандықтан… Айуандардың дене- сі, адамнан көрі кемдігі болмаған- дықтан: еркіндік, мүше қаруы да; терең ойлауы да кем болып отыр. Адам өз
жанының сырын әбден анықтап біл- мей тұрып, өзінің кім екенін білмей- ді. Жан қасиетін анық білсе, сонда адам түзеледі… Дүние дозақ емес, – дейік. Табиғаттың байлығы барша жанға жеткілікті. Бірақ, есіл бейішті дозақ қылып отырған адам.
Егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз туысқан болып осы ақы- лын жұмсап еңбек қылып, табиғат- тың қасиетімен пайдаланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас… өз жанының қасиетін білмей тұрып, адамның құлқы түзел- мейді… ақылдың анық деп тапқан ақиқатын айтпауға ар көнбейді… Қай өнер, ғылым болса да оны табатын ақыл… Бар білімнің түп атасы ақыл». Шәкәрімнің осындай психологиялық пікірлері алдағы жерде арнаулы зерт- теуді қажет ететіндігін дәлелдеп жа- туды дәлелдеудің қажеті жоқ.