ҚЫРҒЫЗДАР

«ҚЫРҒЫЗДАР» – орыс антропо- логі Н.Л. Зеландтың (1833-1902) 1885 жылы  Омбыда  жарық  көрген еңбегі

«Бұл қазақ халқының психология- лық ерекшеліктері жайлы» жарық көрген тұңғыш ғылыми туынды. Автор халқымыздың ұлттық темперамен- тін сангвинник типіне жатқызады. Осы типті академик И.П. Павлов тір- шілікке ең қолайлы, жауынгер тип деп  бағалаған.  Зеландтың пікірінше,қазақтар қызу қанды халық. Оларға рухани жайсаңдық, ізгілік тән, ол ыл- ғи да жайдары жүреді, сергек, әрі еліктегіш келеді, жүйкесі көнбісті, ашуландыққа бара бермейді… қоз- ғалысы шапшаң, үнемі ат үстінде жү- руі қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы, олар жұтатын таза ауада, шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпейді, діни жоралғыларына байланысты тағамды таңдауы асқа- зан және шек жолы қызметін жақ- сартуға, оның рух күшін сақтауға ма- ңызды ықпалы болады. Жүйке са- лауаттылығы адамның иманды, өне- гелік бітімінен де жақсы көрінеді. Қазақ ақкөңіл, адал, басқаның қай- ғы-қасіретіне ортақтасқан халық, бұларда қатыгездік пен кекшілдік кез- деспейді десе де болады… Ажалмен бетпе-бет келген қазақ, ешқашан абыр- жып, абдырамайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *