ҚЫЗЫҒУ – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығу- да бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығу- дың объектісі болып табылады. Қы- зығудың физиологиялық негізі –
«Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітап- тарды оқып отыратындығын, біреу- мен әнгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғау- ды тәуір көретінін байқаймыз. Сөй- тіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмарту- дан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобиль- ге, тракторға, жалпы техника атаулы- ға әуесқой келеді. Мұндай балалар- дың есіл-дерті машина болып, уақы- тының көбін соның айналасында өт- кізеді, олардың маркасын жақсы айы- ра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықласы- мен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасы- нан өзі жақсы көретін техника сала- сында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабі- леттерін жақсы көрсетеді.
Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғы- дан бір адамның қызығуы кең, жан- жақты болып келеді де, екінші біреу- дікі керісінше өте тар болады. Қызы- ғуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н.В.Гоголь шығармалары- нан көптеп кездестіруге болады. Мә- селен, «Шинель» әңгімесіндегі Ака- кий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіп- ті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың бо- луы мүмкін. Бірақ, осылардың ішін- де басты біреуі, ең басыңқы қызы- ғуы болады. Мұндай қызығулар әсі- ресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақ- ты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгіруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуы- на байланысты қалыптасып отырады.Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұн- дайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы – оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды. К.Маркс бір сөзінде:
«Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қа- сиетке айналған адам ғана іс-әрекет- тен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамай- ды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқой- лық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз ете- ді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білу- ге, небір ауыртпалықты көтере бі- луге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен ба-
ғытына қарай: материалдық, қоғам- дық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқай- сысы өз алдына бірнеше түрге бөлі- неді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіп- тің түрлеріне байланысты, эстетика- лық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне т.б. орай бөлініп жатады.Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бө- лінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туа- ды. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қы- зығу – бұл әрекеттік түпкі нәтиже- сін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, саты- лап жетеді, Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға ба- сып, ол нәрсені білген үстіне біле тү- суге ықыласы кетіп отырады. Адам- дардың қызығу саласындағы ерек- шеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешелік- тер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесі- не байланысты белгілі мазмұнға то- лы болады. Мәселен, бір адамдар сая- си-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылы- ми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші бі- реулерде осы айтылғандардың бар- лығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бө- бектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері – мектеп. Мек- теп жасындағы балаларда қарапа- йым тану қызығулары көріне бас- тайды. Мектеп өмірі балаларда көп- теген қызығулардың түрлерін туғы- зады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызы- ғулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қы- зығу баланың осы ойынмен айна- лысуға бейімділігінен туады. Бірақ қызығулардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындар- дың футбол ойынына жөнді бейім- ділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды бел- сенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсен- ді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айланысуы қажет. Мұғалім балалар- дың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жа- нама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.