ҚОРҚЫНЫШ – индивидтің биоло- гиялық не әлеуметтік тіршілігіне қа- терлі жағдаяттарда туындайтын қа- уіп қолайсыз эмоция. Қ. – бір нәрсе- ден жүрексініп сескенгенде, шошы- ғанда пайда болатын сезім, қауіп- қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен бо- латын ауыру не басқа да зардап түр- лерінен ерекше Қ. олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланыс- ты қорқыныш сезімінің қарқынды- лығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шо- шу, үрей).
Егер қауіп негізі анық емес не ұғы- нылмаған болса, мұндай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан Қ. субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады, оның негізіне барын- ша назар аударуға мүмкіндік береді, одан құтылу жолдарын іздеуге итер- мелейді. Қ. аффект күшіне жеткен жағдайда (үрейлі қорқыныш, зәресі қашу) ол мінез- құлық стереотипте- ріне ұрындырады (қашу, сілею, қорға- ныш агрессиясы).
Адамның әлеуметтік дамуында Қ. тәрбие құралдарының бірі болып кө- рінеді: мыс., айыпталудан қорқыныш- тың қалыптасуы жүріс-тұрысты реттейтін фактор ретінде пайдаланы- лады. Қоғам жағдайында индивид құқықтық және басқа да әлеуметтік институттардың қорғауында болатын- дықтан, адамның қорқынышқа шама- дан тыс бой алдыруы бейімделуші- лік мағынасынан айырылып, дәстүр- де жағымсыз қасиет деп бағамда- лады. Қорқыныштың қалыптасқан реакциялары біршама орнықты бо- лып табылады және олардың мағына- сыз екендігін түсінген күннің өзінде сақтала беруі мүмкін. Сондықтан қор- қынышқа қарсы беріктікке тәрбие- леу, әдетте, адамды одан біржола арыл- туға бағытталмай, қорқыныш бол- ғандай жағдайда өзін-өзі ұстай білу- шілік қасиеттерін дарытуға бағыт- талады. Жағдаятқа мөлшерлес емес қорқыныш реакциялары әр түрлі психикалық аурулар кезінде бай- қалады.