ҚОЙБАҒАРОВ КӘРІМ

ҚОЙБАҒАРОВ КӘРІМ (1928- 1985) – Қазақ мемлекеттік универ- ситетінің логика және психология бө- лімін бітіргеннен кейін 1951-54 жыл- дары психология кафедрасының ас- пирантурсында оқиды. 1953-60 жыл- дары осы кафедраның ассистенті, ал 1960 жылдан өмірінің соңына дейін аға оқытушы қызметін атқарып, уни- верситетте психологиядан қазақ ті- лінде сабақ берді.

Ол «Бастауыш сыныптардың оқу әдеттерін қалыптастыру» дейтін дис- сертация (1964), «Сұлтанмахмұттың психологиялық көзқарастары» деген бірнеше ғылыми мақалалардың ав- торы, қазақ тіліне аударылған «Жал- пы психология» (Алматы, 1980), «Жас және педагогикалық психология» (Ал- маты, 1987), «Семья өміріндегі әдеп және психология» (Алматы, 1986) ат- ты кітаптардың тәржімашыларының бірі. Оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгер- шілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін педагогикалық психология саласын- да жазған жеке-жеке кітапшалары – ата-аналар мен мұғалімдер үшін жа- зылған төл еңбектер еді.

 

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ – бұл қазақ халқының әлеуметтік, географиялық, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан ерекше қастерлі қасие- ті. Бізде «қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз» дейтін аталы сөз бар. Тәуліктің қай мезгілінде келге- ніне қарамастан, «көлденең келген көк аттыны» да жылы жүзбен қабылдап, төріне отырғызып, дастархан жайып, бар мәзірін алдына қойып, күту халқымыздың санасына мықтап ор- наған имандылық пен шынайы адам- гершіліктің белгісі. Әрбір қазақ үйін- де тамағының дәмдісін, жылы-жұм- сағын өздері жеместен келетін қона- ғына сақтайды. Майы мен құрты, ірімшігі мен женті, соғымның мүше- лері сыбаға ретінде өзінің қадірмен- ді қонағын күтіп, көп уақыт түнекте сақтаулы тұрады. Қонақ күтіп, қо- наққа баруды халқымыз өмірдің биік мәртебесі деп түсінеді.

Халқымыздың осынау тамаша қа- сиеті жайлы сөз қозғағанда осыдан 500 жыл бұрын ғұмыр кешкен ғұла- ма ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати- дың (1499-1551) халқымыздың асқан қонақжайлылығы мен меймандос- тығы, жомарттығына байланысты айт- қан төмендегі тұжырымдары еріксіз еске түседі. «…Егер де менің өтінішім- ді, – деп жазады автор, орындау- дың ең жақсы жоралғысы не деп сұ- раса, онда Сізді меймандостықпен құрметке бөлеуді айтқан болар едім. Сіз сияқты аяулы мейманды шаңы- рағымның табалдырығынан аттатып, жылдар бойы Сізге осындай мейман- достық көрсете алмауым маған қан- дай өкінішті болар еді». …Автор қа- зақ халқының ғасырлар бойы қа- лыптасқан қастерлі дәстүрін көшпе- лілердің сана-сезімінен мықтап орын алған шынайы адамгершіліктің, иман- дылық пен қайырымдылықтың, әдептілік пен инабаттылықтың тамаша көрінісі деп түсінеді. Қазақ халқының жомарттығы мен мырзалығы туралы айтқандары да тәлім-тәрбиелік жағы- нан аса маңызды.

Қазіргі нарық экономикасына көшу кезеңінде елімізде меценаттық дәс- түрдің үрдісін түсіне алмай, табысқа белшесінен батып жүрген қалталы- ларға X.Дулатидің әсіресе мына сөз- дері арнап айтылғандай: «Менің жақ- сы көретін екі атым бар, ол екеуі де бір, қалған жылқым да бір… Біз саха- ралық адамдар бір ғана жылқының күшімен тіршілік етеміз. Маған бұл екі аттан өзге ешбір ат сенімді емес. Бірақ, Сіз ең қадірлі меймансыз ғой, сондықтан таңдаған біреуін алыңыз». Бұрынырақта қазақ ауылдарына қо- нақтар есепсіз көп келіп жататын. Әрине, олардың арасында сыйлысы да, қадір-қасиеті кемдері де кездесе- тін. Бірде әрі батыр, әрі шешен Сы- рым Датұлы (17251802) үйіне қо- нып отырған сыйлы қонағы, белгілі Төленді биден: – Биеке! Қазақтың қонағы неше түрлі болады, соны айы- рып беріңізші деп өтінген екен. Сон- да би: – Қазақта төрт түрлі қонақ бар. Олар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ және қылқыма қо- нақ, деп жауап беріпті. – Ал, олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар? – деп сұрағанда, Төленді би мұны әр- мен қарай былай деп түсіндіреді: Арнайы қонақ алыстан әдейі іздеп келген тума-туыстарың, жолдастарың. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар. Оларға деген құрмет, сый- сияпат «жат жанынан түңілетіндей» дәрежеде болуға тиіс. Құдайы қонақ бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ.Олар нағыз сауабы тиетін қонақтар. Оларды да ықылас-ынтамен қарсы алып, дұрыстап күткен жөн.

Қыдырма қонақ ерігіп, желігіп, үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеуді әдетке айналдырған сандалма қонақ. Қылқыма қонақ – түтіні түзу шыққан үйлерді торып, құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап, қылқытып жұтып, тағы бір түтіні шыққан үйге тарта жәнелетін нағыз сұғанақ қонақ. Соңғысын халқымыз ұнатпай, «күнде қонақ» деп те әжуа- лайды. Қазақтар үшін сыйлы қонақ- тың бірі «құдайы қонақ». Бұл жо- лаушылап келе жатқан, түскен үйіне ешбір туыстық, не таныстық қаты- насы жоқ, бейсауат кісі.

Дегенмен құдайдың атын атап кел- ген соң, мұндай қонаққа ерекше сый- сияпат білдіріп, қонақасы беру – әр- бір отбасының борышы. «Құдайы қонақты» үйіне қондырмай жіберген адам ауыл, ел-жұрт алдында «қара бет» атанып, беделінен айрылған. Халқымыз қонақты ілтипатпен қар- сы алу, оны күту, құрметтеп шыға- рып салу дәстүрін ерекше қастерлеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде үйретіп, мұны отбасы тәр- биесінің басты бір саласы деп түсін- ген. Келген қонаққа қонақасы беруде де үлкен мән бар. Қазақ халқы қонақ күтуге әрдайым дайын отырған.

Ол үшін үйде ас-дәм қорын жинап, тіпті соятын малын өріске жіберме- ген. Қонаққа дәмді аспен бірге жы- лы лебіз де керек. Оларды құшақ жайып, қуана қарсы алып, жағдай жасау үй адамдарының басты мін- деті. Келген кісіні аттан түсіріп алу, ат-көлігін жайлау, сырт киімін шешкізіп ілу, төрге шығарып, қолына су құйып, сүлгі ұсыну, т.б. игі ілтипатты отбасында негізінен жас балалар ат- қарған. Қазақ аулында қонақтың кө- ңілін көтеру үшін «қонақ кәде» жа- сайтын дәстүр бар. Ол алдымен «ауыл- дың алты ауызынан» басталады. Мұн- да күй тартылып, ән, өлең-жыр ай- тылады.

Оған қонақтар да қатыстырылады. Кейде «қонақ кәде» бірте-бірте өнер сайысына да айналады. Онда ауыл адамдарынан қонақтар да өнерін ір- кіп қалмайды. Өнерлі қонақты ат- тандырарда үй иесі өзінің шама-шар- қына қарай оған сый-сияпат, жол- жоралғы жасайды. Қазақ салтында қонақтарға сусын ұсынудың өзіндік рет, салты бар. Мәселен, шәй құю үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй құюдың жөн-жосығын жас кезінен- ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелері- нен үйреніп өседі. Шәй құюға қажет- ті икемділік пен шеберлікке жастай баулынған бойжеткен шәй құйғанда кесе-шәйнекті орынсыз сылдырлат- пай, ауыстырып алмай, оларды қо- нақтарға әдептілікпен ұсынуы керек. Самаурынның суын кесеге сызылтып құюдың орнына шорылдата құю, не кесені қонаққа ұсынғанда жоғары не тым төмен ұстау қыз тәрбиесінің кемшілігі болып есептеледі.

Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан тыс қою, не сұйық болуы, көлемінің аз не шамадан тыс мол құйылуы да қолайсыз болады. Әдетте қонақтың шәйға қанғанда болдым, ішпеймін деп берген белгісін түсіне білу қажет. Қонақтардың бірі кесенің бетін ала- қанымен жапса, екіншісі кесені төң- кереді, үшіншісі кесені бір бүйірге жантайтып жығып қояды. Жөн-жосықты білетін бойжеткен осы жәйт- терді жіті аңғарып, анда-санда қонақ- тарына сыпайылықпен сөз тастап, та- ғы да шәй ішкізудің, «сый аяқ» құю- дың жолын қарастырады. Мұндағы орынды әзіл-оспақ, зілсіз күлкі қо- нақтарды көңілдендіре түсетіні хақ. Қазақ әйелдері қонақ күтуді өздері үшін қатал сын деп түсінетін. Қонақ түскен үйдің қарттарынан бастап, жас балаларына дейін оның риза- шылықпен аттануын сол отбасының басты парызы деп түсінген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *