ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ –бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу. Қ.қ. өмірлік маңызға ие. Қозғалысқа көру жүйесінің перифериялық бөлі- мі сезімтал келеді. Объект табыл- ғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесі көздің рефлек- торлық бұрылысын тудырады, нәти- жесінде объект бейнесі көру аумағы- ның орталығына ауысады, осы жер- де бұл объектіні ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негізінен, оның қандай да бір фонда орын ауыстыру немесе жыл- жи отырып, көз торының түрлі жа- сушаларының кезекті қозуын туды- рады.
Қ.қ.-да көру және кинестезиялық анализаторлары негізгі рөл атқара- ды. Объект қозғалысының параметр- лері болып табылатындар: жылдам- дық, үдеу және бағыт. Адам объекті- лердің кеңістіктегі орын ауыстыруы жөніндегі мағлұматты екі жолмен: орын ауыстыру немесе қозғалысты тікелей көру, қабылдау арқылы және белгілі бір уақытта басқа орында болған объекттің қозғалысы жөнін- де ой қорытындысы негізінде алады. Қорғану рефлекстері – организмді ішкі және сыртқы ортадан келетін қауіп-қатер және зиянды заттардан сақтайтын, биологиялық маңызы күш- ті шартсыз рефлекстер. Құндылық- тар – адамдардың тарихи тәжірибені және белгілі бір этнос мәдениетінің мағынасын шоғырландыра көрсете- тін, осы мәдениортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекет түрлері, мақсаттар мен нормалар жөніндегі жалпыланған түсініктер. Бұл – әрбір адамның санасында болатын бағдар- лар. Белгілі бір қоғамда қабылданған құндылықтар жағдайды бағалаудың сыртқы сындық белгілері болып та- былады. Осы белгілерге субъект түрт- кіні таңдау процесінде сүйенеді.
Құндылықтарда әрбір адамның қай- таланбас өмірлік тәжірибесінің, қы- зығушылықтары мен қажеттіліктері- нің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақ- талған. Құндылықтық бағдарлар – бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. Олар тұлғаны берілген мәдениеттің құндылықтарына көңіл аудартады жә- не тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық таңдауларын елеулі анықтайды. Осы бағдарларға сүйене отырып, индивид белгілі бір мінез-құлықты атқарады. Қысымға адаптация – белгілі бір қы- сымға үйрену, бейімделу. Мыс: адам үстіндегі киімінің ауырлығына үйрен- гендіктен, оны сезбей, тек киген кез- де ғана байқауы мүмкін.