ҚИЯЛДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ. Қиял түрлі елестеулердің өзге- ріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс- тері, агглютинация, схематизация түр- лі схемалар мен суреттердің акцен- тировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері қолда- нылады. Қиялдағы елестерді топтас- тырудың қарапайым түрі агглютина- ция деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха- низмдердің машиналардың конструк- циялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэро-шана – су- ға қонып, ұша алатын самолет) құрас- тырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипер- бола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін ай- тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер- лі болып шығады, гиперболада бел- гілі бір бейнелердің алға шығып ай- қын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- ді жасауда гипербола көп қолданы- лады. Мәселен, Д.Свифтің «Гулли- вердің саяхатындағы» ергежейлілер- дің, В.Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің кө- семі В.Вильсонның бейнелері гипер- бола әдісімен жасаған. Мұнда сон- дай-ақ тұтас заттың жеке бөліктері- нің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифо- логиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейне- лері осылайша құрастырылған.
Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалына- ды. Егер заттардың айырмашылық- тарын ескермей, оның ұқсастықта- рына көбірек көңіл бөлетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Су- ретшінің өсімдіктер дүниесінің эле- менттерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образ- дар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түсе- ді: «Бір жұмысшының, поптың, дү- кенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үшін, жүз, екі жүз ша- малы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», – дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілер- дің барлығына бірдей, ортақ белгіле- рі бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған тип- тік образы бір жағынан жеке адам- ның даралық ерекшеліктерін білдіре- тін образ болып та есептелінеді. Мә- селен, «Абай» романындағы Құнан- бай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психоло- гиялық қасиеттері бар жеке адамның да образы.
Осы әдістер арқылы айтарлықтай ма- ңызды шығармашылық қиял образ- дарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, агглютинацияда жеке фактілерді зерт- теу, жинақтау, мәселелердің түпкі ние- тін көздеу дегендер жетіспей жата- ды. Сондықтан да творчестволық қиял- дың жоғары формаларында ғылы- ми-техникалық көркем әдебиет т.б. онша көп қолданылмайды. Шығарма- шылық әрекетте адамдар көбінесеі интуицияға жүгініп отырады.