ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – біріккен іс- әрекет қажеттілігін туғызатын, адам- дар арасындағы байланыстың да- муын орнататын күрделі көп жоспар- лы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Қ.-қ.-тың үш жағы бар – интерактивті, комму- никативті, перцептивті. Қ.-қ. дең- гейлері – мезо, макро, микро, стан- дартты, шаблонды, жабайы, рухани, іскер, ойын, т.б. Қ.-қ. түрлері – әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бас- тық бағдарлаушы, топтық, топ- аралық және т.б.
Адамдар арасындағы Қ.-қ. жасау да аса қажетті шарттың бірі – сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тың- даушылардың Қ.-қ. орнатудағы сөй- леуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғы- нып, оны іс жүзіне асыра білу мәде- ниеттілігіне байланысты. Бұл жайт- тан біз Қ.-қ. жасаудың үнемі екіжақ- ты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері бо- йынша адамдардың басым көпшілігі өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп қарым-қатынас жасауға жұмсайды екен. Ал жетекші қызмет пен басшы- лық ететін адамдар өздерінің жұмыс мерзімінің 80%) уақытын осы Қ.-қ. жасауға жұмсайды.
Тілдесу арқылы адамдар өзара Қ.-қ. жасап біріне-бірі білдірмек болған ойын жеткізіп пікір алысады. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой-пайымда- ры дамиды. Қ.-қ. орнатудың тиімді болуы басқарушылар мен бағынушы- лар, жетекшілер мен атқарушылар арасындағы түсіністіктің ереже-қа- ғидаларын қалыптастырып, әрбір іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да бо- лып бітуіне әсер етеді. Қ.-қ. орнату- дың бірнеше түрлері бар: ресми жә- не ресмисіз (бейресми). Ресми Қ.-қ. нақты іске, қызметке байланысты тілдесулерде адамның шын пиғы- лы мен сырын ашып көрсетеді. Ресми- сіз қатынастардың түрлері адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделеді, әріптестер арасындағы шынайы ниеттерді де көрсетеді. Шын пиғылды ресмисіз қатынас орнатудың өзіндік белгілері бар:
- Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін көрсететін ашық-жарқынды- ғы, сенімділігі мен ақпейілділігі;
- Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп, бірін-бірі жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар.
Қатынас жасау адамның даралық мі- нез қасиеті. Ол келесі сатылардан тұрады: 1-ші сатысы өзгелермен Қ.-қ. орнатуға ниет білдіруі; 2-ші сатыда қатынас жасайтын әріптестерінің кім- дер екенін танып білуге ықылас біл- діріп, олар жайында қажетті мәлімет- тер алуға ұмтылады. Әрбір әріптесі мен өзінің өзара қатынасының нен- дей рөлдер атқаруы жайлы елестері пайда болады. Әріптестерінің кімдер екенін, танып білуге мән беріп, мен олардың арасында қандай орын ала- мын деп, өзгелердің пікірімен сана- сады. Өзін өзгелердің орнына қойып, ішкі жан дүниесінің сырына барлау жасайды.
Мұның бәрін ол өзінің ақыл-мөл- шерімен таразылап көреді де, ұжым ішінде өзімнің атқаратын ісім мен мінез-қылығым қалай болуы керек деген міндетті шешеді. 3-ші сатыда қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынысудың жолын іздестіреді. Егер олар тіл табыса ала- тын белгілі іс-әрекеттерді атқаруға кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішін- дегі әріптестерінің кімдер екенін аңғарып, оларды да, өзін де танып бі- летіндей деңгейге көтеріледі. 4-ші сатыда Қ.-к. жасап, тілдескен әріп- тестер нендей істерді атқара алады және олардың іс-әрекеті мен мінез- қылығында, қабілетінде нендей жа- ғымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жайттарды анықтап, кімнің кім еке- нін білетін болады.
Егер тіл табысып кете алмайтындай жайттар байқалатын болса, онда қа- тынасқа түскен адамның өзгелермен онан әрі Қ.-қ. жасаудың пайдасыз еке- нін аңғарып, солардан өзін аулақ ұс- тауға әрекеттенеді. Дегенмен адам- ның өзгелермен тілдесіп Қ.-қ. жасай білуі жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі. Қ.-қ. – қажеттілік- тері әртүрлі адамдардың бір-бірі- мен пікір алмасуы, бірлесіп шешім қабылдауы, әңгімелесушіні түсіну және қабылдау және де басқа әре- кеттестіктерді жасау түрлері.
Қарым-қатынастың адекватты стилі – адамның алдына қойған мақсатына оңай және тез жетуіне және адамдар- ға қажетті түрде әсер етуіне, олар- мен жақсы қарым-қатынасын сақтау- ға ықпал ететін адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасау стилі. Қатынастың жетекші типі – ортадағы адамдармен нақты жас ша- ғында жетекші болатын қатынастың типі. Қатынастың жетекші типінің ықпалымен адамда негізгі тұлғалық сапалы қасиеттері қалыптасады.